07.06.2021
783
Автор: Асаба (тамада)
ЖОЛДАСҚА ТІЛЕК
Қадамыңа гүл бітсін,
Талабыңа нұр бітсін.
Өрден-өрге құйғытқын,
Таныта біл, жүйрік кім?
Талабыңмен тау жыққын,
Алауласын жанда ұшқын.
Араныңның Тұлпарын
Алатаудан қарғытқын.
Асу -асу бел асқын,
Өнерлімен таласқын.
Бақ — жұлдызы бола біл,
Атам – қазақ – Алаштың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook |
VK |
WhatsApp |
Telegram |
Twitter
Пікір жазу