Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  212


Автор: Қадыр Мырза Әли

Күлкі керек

Күлкі керек,
Күлкі керек,
Күл, балам!
Күлкіменен көңілді ғой бұл ғалам.
Бөлмеу керек дүниеде күлкіні,
Сақтау керек аруды аман,
Гүлді аман!
Күлкі керек,
Күлкі керек,
Күл, жарым!
Күлкі құнын білген емес енжарың.
Ойын арзан, күлкі қымбат өмірде —
Бір күлкінің тұрады өзі мың жарым!
Күлкі керек,
Күлкі керек,
Күл, анам!
Күлкі барда келін аман,
Бала аман.
Әжім толған жиегі мен көзіңнің,
Езуіңнен күлкі көрсем — қуанам!
Күлмеген күн — мен адамның қорымын
Өзімнің де,
Өзгенің де сорымын.
Күлкіден мен босатпаймын көзімді,
Босатсам-ақ,
Мұң басады орынын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу