09.05.2021
  718


Суық шай

Қожанасыр бір күні шайханаға келіп «суық шай бар ма?» дейді. Шайханашы таңырқап қарап «жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы келіп «суық шай бар ма?» деп сұрайды. Шайханашы «жоқ әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп «суық шай бар ма?» дегенінде, шайханашы «бар, сізге арнайы дайындап қойдым» дейді. Сонда Қожекең «Онда ысытып әкел, шай ішейік» деген екен. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айзере
Айзере 03.02.2025 00:44
Баяғыда қожанасыр бопты.Жолда оның қарны ашып келе жатып бір кәмпит тауып алыпты аты шөжәләрім деген өлең айтады деп тұр.Бірақ қожа қойшы жей салайын депті.сосын тағы келе жатып тағы кәмпит тауып алыпты аты осыра береді деп тұр.қожа қой жей салайын депті сосын тағы келе жатып тағы кәмпит алыпты аты ықылық тие береді деп тұр.қожа қойшы жей салайын қарным тойса болды деп жеді.Сосын үйіне ыһкм пуфпм шөжәләрім деп келіпті??

Пікір жазу