Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  221


Автор: Әбділда Тәжібаев

Жұлдыз

Өрмекшідей қыбырлап,
Аяқтары жыбырлап,
Түнде жұлдыз жүреді.
Тозған жерін көгінің,
Көкшіл торғын жібімен
Кайта торлап тігеді.
Күн шашырап бір кезде,
Көтерілер ілезде,
Жұрт ұйқысы қанғасын.
Тіледі ол жұлдыздың
Жүруі үшін күндіз күн,
Түнде тыным алмасын.

1955




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу