Өлеңдер ✍️

  30.04.2021
  268


Автор: Юсуф Шұғай

Пайғамбар

О, пайғамбар
жаратушым үмметіңе бақыт берді , бәрін еске алайын .
шүкірлік деп, бір Аллаға құлшлыққып ,қанатты кең қағайын .
Алла берген нығметті, пенделікпен азсынғандар өмірде .
Пайғамбардың өміріне кеңінен бір үңілсе екен ағайын .

Адамзаттың басындағы асыл тәжі ардағы .
Өзің болдың , жетімдердің арқа сүйер қормалы .
Жылағандар сенен ғана жан жылуын табатын .
Әлсіздердің паналайтын ыстық ұя қорғаны .

Жәудіреген жанарлардың қам қайғысын білейік .
Сырын шертіп , мұңын жоқтап , бірге ойнап күлейік .
Қазағымның бүлдіршінін жатқа бермей ағайын ,
Пайғамбардың пана болған пәк жолымен жүрейік.

Бөле жармай ақ пен қара адам ата ұрпағын ,
Теңдік , достық , бақыт деген гүлін тердің қырқаның .
Бейбітшілік туын тігіп, қатпарына тарих ,
Адамзаттың бақыты үшін , өміріңді жұмсадың .

Бейбітшілік исламнан бастау алған , ұранының бірі екен .
Кей адамдар исламды бөгде көріп , жаңсақ ойлап, жүр екен .
Пайғамбарым дәнін сепкен бақыты үшін адамзат ,
Хақ ислам достық пенен бостандықтың діні екен .

О, пайғамбар
Қиындыққа сабыр ету сенің болды жолдасың .
Адамзаттың бақыты үшін, сан бодауға барғасың .
Қайсарлықпен өміріңде сынақтарда сүрінбей .
Сабыр деген сара жолды үммәтіңа салғасың .

Соңғы елшіге үммәт болған дарқан көңіл халайық .
Пайғамбардың өміріне күнде үңіліп, бізде үлгі алайық .
Отан үшін серігіміз сабыр , қайрат , жігер боп .
Казағымның қамын ойлар ұлағатты ұландардан болайық.

Жылы жүзді, көркем мінез , шешен сөзді сен едің .
Таусылмайтын дәриядай, ақылдың алтын кені едің .
Пайғамбарым үлкен, кіші , ақ пен қара баршасын .
Мейрміңнің жылуымен шуағыңа бөледің .

Адамдар аз бүгінгі күн араздасса , бірін - бірі кешірер .
Достық отын арасынан келіспесе , болмашыға өшірер .
Әлемдегі орын алған бар мәселе бүгінгі .
Пайғамбарлар сардарының өмірінен тәлім алса шешілер .

Сенен таптым әдеп - иба кішіпейлдік жүйесін .
Үлкен сыйлау, кішіге іззет, адалдықты сүйесің .
Уәдеге опа , шыншылдық пен айтқан сөзге беріктік .
Жомарттықда, адалдықда бар үлгіге иесің .

Ұлдарымыз ұры болмай , ұлағатты болсын десек төрінде ,
Қыздарымыз арын сатпай , инабатты жүрсін десек өмірде ,
Пайғамбардың әдебімен сөзін үйрет ағайын .
Жағдай жаса тарихымен танысуға ,әз елшнің өмір жолын білуге .

Толған айдай нұрлы жүзбен өмірдің аштың есігін .
Мәкка болды , туған жерің , алтын ұяң бесігің .
Адамзаттың бақыты деп отаныңнан алыстап .
Туған жерден , дін үшін ғой Мәдинаға көшуің .

Дін жолында жетеиін деп бір аңсаған арманға
Тұрақтадым алтын бесік , Әл азһардай заңғарға .
Сол көшіңнің сауабын жазсын рахымды бір Алла
Білім іздеп туған жерден , ата анадан алыстаған жандарға .

Бағдары үшін екі әлемнің қолға қалам аламын .
Адамзаттың асылы деп өзіңе арнау жазамын .
Туған күні Пайғамбардың , мәуліт нәби бүгінгі ,
Кұтты болсын баршамызға қасиетті қазағым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу