Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.04.2021
285
Соқыр ағаш
(Альбомнан)
Мен көрдім соқыр ағаш басын иген,
Жаһаннамға* кетеді оған тиген.
Зәһәр деп жас алманы дұспан тұтып,
Мисыздар ол ұжмақ деп барып сүйген.
Үстіне малы менен жанын үйген,
Хор қызын аламын деп алтынды үйден.
Қу соқыр жемісі жоқ ағашқа еріп,
Дүние мен ақыреті бірдей күйген.
* Жаһаннам (арабша) — дозақ деген сөз.
соқыр ағаш дұшпан Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇