Өлеңдер ✍️

  26.03.2021
  304


Автор: Тайыр Жомартбаев

Зайсан

Бауырында Маңырақтың нулы Зайсан.
Молайған Ертіспенен сулы Зайсан.
Түн болса, төңірегін мұнар басқан,
Ұштасқан бұлтпен бірге булы Зайсан.
Алтайдың Тарбағатай суын ішіп,
Сауырдың саясында туды Зайсан.
Өрбітіп балапандай қолтығында!
Өсірген неше алуан нуды Зайсан.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу