Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.09.2026
379
Анашым
Анашым, ақ сүт берiп асыраған,
Мен үшiн мәңгi ардақты,асыл адам.
Жап-жарық дүниенi сыйлаған жан-
Мап-мамық оның әр тал шашы маған.
Анашым - бойымдағы бар асылым,
Көзiмде мөлдiреген қарашығым.
Жетi рет кезсем дағы жердің жүзiн,
Табылмас менің биiк дара шыңым.
Бойдағы барын берген баласына,
Анашым, құтты болсын қуанышың!
Жемiсiмдi менің де көрерсiздер,
Мақсат айқын, сол күннiң туары шын!!!
Маратова Арманай
04.07.17
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇