Өлеңдер ✍️

  05.09.2026
  148


Маратова Арманай Шағанқызы

Туған жер

 



Туып- өскен туған жерім шырайлы,
Өр ақындар саған өлең құрайды.
Шуақ шашқан әрбір таңың арайлы,
Ақын қызың бақытына балайды.



Өр белесің таңқалдырып талайды,
Текті ұрпағың тамсанумен қарайды.
Перзенттерің түлеп ұшқан төріңнен,
Туған төрдің құлпырғанын қалайды.



Көмейімнен тасқындап жыр ағасың,
Көргенде туған жердің мұнарасын .
Табиғатың бойыма шабыт берер,
Бұлағың мен тауларың ұнағасын.



Таусылмайды өзіңе айтар сырым,
Танытсын ерке қызың қайсарлығын.
Бойымдағы борышым деп есептеймін,
Әлемге атағыңды жайсам бүгін!



Маратова Арманай Шағанқызы



2013ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу