27.08.2026
  83


ТЕЛЕФОНСЫЗ АПТА:біз цифрлық әлемсіз өмір сүре аламыз ба?

ТЕЛЕФОНСЫЗ АПТА: біз цифрлық әлемсіз өмір сүре аламыз ба?


 


Қазір бес минут. Тағы бір видео... Сосын расымен тастаймын.Енді бір қарағанда бес минут деп тұрып,жарты сағаттың қалай өткенін байқайсың.Осылай көп адамдар уақытын текке кетіріп жатыр.


Қазір телефонды білмейтін адам жоқ шығар.Біреу оны ақпараттар мен мәліметтерді табу үшін қолданса,енді бірі жәй ғана көңіл көтеріп,бос уақытын өткізу үшін қолданады.Ал кейбіреулері тіпті өмірлерін телефонсыз елестете де алмайды.


Әлемдегі өзекті мәселе телефон да ма,әлде оны тұтынушыларда ма?


2022-2023 жылдары Германиядағы экспериментте 200 адам смартфонсыз жеті күн шыдағаны анықталды.Сонымен қатар 193 адам смартфонсыз күндерін өткізе алмады.


Демек,телефонды тек қана бос уақыт өткізуге арналған техника деу дұрыс болмас. Себебі,кейбір адамдар үшін ол-жаңа мүмкіндіктер сыйлауы мүмкін.


Алайда,оның да өзіндік кемшіліктері бар.


Германиядағы зерттеуде 193 адам телефонсыз уақыт өткізбегенін ескерсек,оның да кемшіліктері байқалады.Яғни көпшілік қауым телефонды қажеттен тыс уақыт қолданады.


Осы тұста ойға бір қызық сұрақ келеді : біз техника дамымаған,телефон болмаған кезеңге оралсақ не болатын еді?


Телефонның ерекшелігі - қызықты видеолар,ойындар және онлайн платформалар. Олар адамды өзіне тартып,ұзақ уақыт қарауға қызығушылықты арттырады.


Бірақ,оның тиімді,пайдалы жағын да ұмытпаған жөн.Телефон - адамдарды бір-бірімен байланыстыруға,қажетті ақпараттар мен мәліметтерді тауып беруге өте қолжетімді құрал.Сонымен қатар кейбір адамдарға мүмкіндік бере алады.Ондағы көптеген платформаларды қолдану арқылы шаруаны жеңілдетуге болады.


Бәлкім,адамдарға жәй ғана смартфоннан бас тартуды емес,оны қалай дұрыс қолдану керектігін үйрену керек шығар.


Себебі,біздегі маңызды сұрақ - "Телефонды қанша уақыт қолдандым" - емес.


Телефон маған не бере алды?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу