Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.07.2026
6
ӨЗ ЕЛІМ
Селт еткен жаным елгезек пе еді,
Жүрекке көзсіз түйетін?
Арыстай ерлер елге серт берді,
Өз елін мәңгі сүйетін!
Жетсе егер шамаң дертін біл елдің,
Төксін деп шуақ таң нұры.
Тыныстап жатыр бетінде жердің,
Қаншама жанның тағдыры.
Сәби боп тудым, шыр етіп мен де,
Мекенім - туған өз елім,
Айтса егер елді, сын етіп демде,
Өртенер от боп өзегім.
Аша алмай сырды жасқанам кейде,
Мейірді іздеп Отаннан.
Көңіл тұр әлі жас бала күйде,
Шат болам, толқып оталам!
Оянам күнде тілеуін тілеп,
Отанды құшып, аялап.
Толғанам кейде жүрекке түнеп,
Бақшасын мен де саялап!
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇