Өлеңдер ✍️

  26.07.2026
  57


Жанымның саясы

Жүректен шыққан жырымды ашып жазамын ,


Жүрем қалай , шыдап оның азабын?


Күнде көріп жетпеді қолым арманға ,


Жігіт өмір , шыдайсың тағдыр салғанға.


 


Жақындады жатар көрі сезімімнің бір бағым .


Айталмадым , оған қалай түні бойы суреттерін қарадым .


Айталмадым , үнсіз ғана ұнадың .


Арман болдың! арман болып қаласың .


 


Жараладың жанымның терең жатқан саясын ,


Ұмыт болмас із қалдырдың кетірілмес жарасын ,


Жойқын ашып терең жаптың , махаббаттың арнасын.


Қалай қатты жаным ұнап барасың?


Қалай жабам бос жүректің жарасын?


 


Көз алдымнан кеткен жоқ , 


Кеткен тұғын , жеткен де жоқ оған қолым.


Жел соқса жұпар иісін ,


Күн шықса көлеңкесін іздей тұғым.


 


Ойлағам , талай атар бірге таңдарымыз ,


Қосылмаған , біз тағдырдың жандарымыз .


Қош бол енді , кездесерміз әлі біз .


Ғашық емес... мүмкін бәлкім тойыңда мыс...


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу