Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2026
9
Жесір Аққу
Махаббаттың уын жұтқан шағында,
Бір ауылдың ескі зират жағында.
Зар еңіреп ару отыр елжіреп
Ана жатқан зілдей қабір басында.
Құшақтайды жоқтай өзге тірегі,
Алдап соққан жауыз жігіт жүрегі.
Бес жыл жүріп, бес ай болған өзгені
Алып қашып ер өзгемен жүр еді.
Басқандайын жалаң аяқ шоқтарды,
Ару жүрек, өз сүйгенін жоқтады.
Онсыз мына сәби жүрек соқпады,
Сүйемін деп айтып жатып тоқтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇