Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2026
94
Шыр айналып келеді
Көз жыласа, жас тамады.. Кебеді,
Жан жыласа, қайғы-мұңы кереді.
Уа, достым-ау, жылатпағын, ешкімді,
Жылатудың - керегі жоқ, керегі...
Жылатудың - керегі жоқ!
Себебі:
Жаратушы - сұрағанға береді,
Түбінде бір, әділдігі жеңеді,
Сен жасаған, істегенің - өзіңе,
Бәрі, бәрі -
Шыр айналып келеді..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇