Өлеңдер ✍️

  12.07.2026
  21


Автор: Бек Жылқыбаев

Әліңе - үміт пен күш бекіт! Келеді Нұрлы Сәт әлі де..

Құласаң,
Қайғырып, налыма!
Сабырлық - серігің жаныңа..
Жылама!
Көз жасың - әкелмес,
Аңсаған, арайлы - бағыңа..

Тағдырың...
..Бақытқа шөлдейсің,
Қиналсаң - тәуекел!
Өлмейсің!
Сеніммен нық басып - алдыға,
Намысқа тырысып көргейсің!

Кірсе де тікені табаннан,
Жауларың алса да жағаңнан.
Бұл Өмір!
Білгейсің - батырым,
Сынақ пен сабақтан жаралған..

Шыдай біл у-ына, зәріне,
Төзе біл,
Бәріне, бәріне.
Әліңе - үміт пен күш бекіт!
Келеді Нұрлы Сәт әлі де..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу