Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2026
64
Ұра берсең, Ұлың сенің - жасқанады, Жасқаншақты - басынады басқалары.
Ұра берсең,
Ұлың сенің - жасқанады,
Жасқаншақты - басынады басқалары.
Қол көтермей - тәрбиелесең ақыл айтып,
Ақылымен, ертең елді - басқарады.
Ала білсін, өмірінен бар тынысты,
Үйрете түс:
Сабыр, шыдам, талпынысты.
Ең бастысы - иманына көңіл бөлгін,
Өссін десең, өз ұрпағың жарқын, күшті...
Еңбегімен, жүрсін ұлың баға алып,
Ақыл-оймен, өзгелерден дараланып.
Көтерілсе өзіндейді бағалайды,
Отырмайды: пара беріп, пара алып...
(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇