Өлеңдер ✍️

  12.07.2026
  4


Автор: Бек Жылқыбаев

Сабыр қыл! Сасқаның жетеді...

Сабыр қыл!
Сасқаның жетеді,
Сабырлық - сүйкімді етеді.
Ақылға салсаң сен ақырын,
Жылан да, дос болып кетеді...


Аңқау боп,
Жүрмегін бұл шақта,
Қулау бол!
Өзіңді жұмсатпа.
...Кездескен, жолыққан - жандарға,
Бола біл: қатты да, жұмсақ та...


Намысқа тиіссе - аяма,
Қорқытса - қашпағын саяңа.
Сүйетін, сүйікті - адамды,
Қорғағын!
Сүйе түс, аяла.


Алданба!
Алдап та жүрмегін,
Мазақтап,
Орынсыз күлмегін.
Жалқаулық мінбесін мойныңа,
Өтсін де,
Еңбекпен, күндерің.


Ренжісең,
Түсірме көңілді,
Тыныш жүр!
Біліп жүр жөніңді.
...Қайтесің бекерге бүлдіріп,
Бір-ақ рет көретін өмірді.


Көмектес,
Қарайлап шамаңа,
Байлықты - бақыт деп санама!
Тәубе де, 
Шүкір де,
Риза бол!
Қазіргі сәтіңді бағала!


(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу