Өлеңдер ✍️

  12.07.2026
  26


Автор: Бек Жылқыбаев

* * *

Қайғымен, қиындық - желкеңде,
Тұрады: бүгін де, ертең де...
...Ойлама бір күні, кетер деп,
Өзің-ақ, өмірді, көркемде!
Жазылар жарасы күйгеннің,
Тағдырын, таң нұрын сүйгеннің...
...Көңілді түсірмей,
Қазірден,
Бақытты болуды, үйренгін!
Үйренгін,
Күлімде - құлатса,
Күлімде,
Жылама - жылатса.
Күле біл, мұңайма, мойыма!
Сәтсіздік кеудеңнен мың атса.
Жақсы бір,
Жайдарлы, уақытта,
Қиындық,
Көз жасқа татып па?
Қайғы да, өтеді, кетеді..
...Қолыңда: қуаныш, бақыт та.


(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу