Өлеңдер ✍️

  03.07.2026
  36


Автор: Мақсатқызы Еркеназ

Сен кімді кінәләйсің?

Сен кімді кінәлайсың, айтшы маған,


Тағдырың тұр алдыңда сырын ашқан.


Басқаларды жазғырған оңай шығар,


Өзіңменен бетпе-бет қалу қиын әр жан.


 


Сен кімді кінәлайсың, желді ме әлде,


Өмірдегі сынақты берді деп пе?


Құлағаның рас шығар талай мәрте,


Бірақ қайта тұруды үйрендің бе?


 


Тағдыр саған жол берді, таңдау берді,


Жүрегіңе мың арман, самғау берді.


Кейде өзің қорқынышқа жол ашып ап,


Содан кейін тағдырды алғау көрдің.


 


Уақыт өтті, күн өтті, жылдар көшті,


Бірі күлкі, бірі мұң болып өшті.


Өткеніңді кінәлаудан не табарсың,


Өзгертуге келмейтін жолдар кешкі.


 


Сен кімді кінәлайсың, тағдырыңды ма,


Әлде сынған арманың, бағыңды ма?


Тағдыр үнсіз: «Мен емес, өзің таңдадың»,


Деп қарайды жүректің сағынына.


 


Өмір деген — ақ пен қара араласқан,


Бірде жаңбыр, бірде шуақ жарасқан.


Бақыт іздеп шарқ ұрған адамның да,


Барар жері өз ішінен табылған.


 


Сен кімді кінәлайсың, айтшы тағы,


Кінә іздеу жеңіл жол, қайран бәрі.


Жауап іздеп шаршасаң, айнаға қара,


Шындық сонда жасырмайды ешбір мәнін.


 


Тағдыр емес, адам өзі жол салады,


Құлағанын, тұрғанын өзі алады.


Сен кімді кінәлайсың деп сұрағанда,


Жүрек қана шын жауапты табады.


 


@Мақсатқызы Еркеназ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу