Өлеңдер ✍️
ҚҰДАЛЫҚҚА БАРАЙЫҚ
Көңіл жақын болса дағы жер алыс,
Мұны ұғуға керек емес көп ақыл.
Тоңбайды еш бойында бар қозғалыс,
Мұз суырып тұрсын, мейлі, сұрапыл.
Сұрапылды көргің келсе, бізге кел,
Құм суырған отты дауыл жетеді.
Анығы сол, топан-жеміс күзде кел,
Із қалдырып көктем-иіс шалғынға.
Құдай маған қанат берген мың құлаш,
Құдай саған қанат берген мың құлаш.
Олонхосут, шықшы, қане, ортаға,
Арқалылар бір мәз болсын қым қиғаш.
Шақыр сосын тойуғыңды бар болса,
Алқа-топта уақыт жырын шертейік.
Хомус тартқан ақ бикештер дайындал,
Таңдап - таңдап құда болып кетейік.
Бұл қазақтың бәрі өнерлі сал-сері,
Тоғыз қабат торқа киген айтыстан.
Талдан алма түспейді ғой қашыққа,
Іздеп келем шығады деп қай тұстан.
Аюың мен хаскиіңді көп айтпа,
Біздің құмда кесірткелер жетеді.
Сала құлаш жыланға көз алайтпа,
Ат-патыңмен қоса жұтып кетеді...
Айта берсек ұқсастық бар мұнда да,
Шыдымдылық ежелден-ақ біздің ант.
Себеп болған Олонхоға, жырға да,
Теңізден де су қалады бір құлақ.
Күтіп тұрмын Олонхосут,
Пәлсінбей шық ортаға.
Керек емес маған жасық,
Қай жақтасың картада?!
Келе алмасаң іздеп барам,
Іздеп барсам - жүз боп барам!
"Хомус қыздың" құдалығын,
Өткізем деп - "мұз" боп барам.
Іздеп барам! Жүз боп барам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇