18.06.2026
33
Құрметті мектеп бітіруші түлек!
Алтын ұя мектебіңізбен қоштасып, кемелдік аттестатына ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сәттілік пен қызыққа толы балалық шақ белесі артта қалып, саналы ғұмырыңыздың ең маңызды парағы ашылды. Ғылым мен білімнің сарқылмас нәрі — заман ағымында өзіндік орныңызды табуға, еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман болуыңызға даңғыл жол салады.
Бүгінгі күн — үлкен мақсаттар мен жасампаз істердің бастауы. Алдағы дербес өмір жолында таңдаған мамандығыңыздың нағыз шебері болып, биік шыңдардан көрінуіңізге тілектеспін. Еліміздің интеллектуалды әлеуетін арттыратын парасатты азамат болатыныңызға сеніміміз мол. Тарихи қадамыңыз құтты, болашағыңыз жарқын болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇