Өлеңдер ✍️

  07.06.2026
  24


Өлеңдер

Намыс
Намысың қайда лаулаған
Жақсылық үшін болысып
Жамандыққа бармаған
Итің жаман десе шамданған
Қазағым бүгін ханын жамандаса да
Үнін шығарып бірауыз сөз айта алмаған



Қайран атам
Қайран атам мейірімді ақкөңіл
Қарапайым иманды әрі, кең пейіл
Немерелерге үйрететін Құран менен иманды
Менің атам сондай жақсы балалардай бір жеңіл

Мешіттен қалмай қызметін етіп өтті
Жастарға үлгі өнеге тектілікті үйретіп кетті
Немерелері үшін тамақ алып шыр болып
Өзіне жасамаған қызметті бізге етті
Әрбір жасаған дұғасына бізді қосып
Өзі де ИншаАлла ойлаған жақсылығына жетті

Атам менің хабар алар алыс жақын туыстан
Сондай берік ақысына туысқан
КСРО қылышынан қан тамған заманда да
Атам менің иманы мен құранын шығармады еш уыстан

Сәресі мен намазға тұратын таңменен
Атам менің бізге үлгі болған ең
Үйреттің бізге сол ды бірге оңменен
Жүруді үйреттің бізге тура жолменен

Артына қалдырған өнегелі өмірінен
Алып қанша жастар бүгін шығысқан
Құран бағыштап тұру ол кісілерге
Болады біздің ең негізгі борыштан



Мешітім

Берекелі, қасиетті менің мешітім
Бүгінде міне күтіп тұрсың ба жамағатыңды бір жітім
Саның аз кезде, тар болсаң да бұрында
Тұратын еді жамағатың сенің алдында мына есіктің
Ал қазір сені сәндеп қойды бірақта
Ал сен болсаң Ішіңде талай ұрыс пенен айқай есіттің

Мешітім менің орталығы едің бауырмалдық, тәрбие менен білімнің
Ал енді болсаң көпшіліктің сынына сенде іліктің
Шыдай тұр тағы келер тағы ұрпақ ауысып
Қояр мүмкін сенің мәртебеңді табысып
Мешітім менің орыны едің даналықтың, бірліктің
Орталығы едің талай ұлы жақсылық пен тірліктің
Сәл шыдап сабыр ете тұрып
Кешіріп қой бізді бүгінде қылған орыны көп іріктің


Салауат

Салауат өмірге мән береді
Салауатпен ел мен жер де көгереді
Салауатты айтып дұға жасаса
Сонда Құдайым тілегенін береді
Салауатпен жақсылықтар көп келеді
Үй мен тысқа береке тағы енеді
Жеңе алмайтын боп көрінген мәселені
Мұсылмандар салауатпен жеңеді

Салауаттың қасиетін айтып бітіре алмаймыз
Бірақ жақсылығын айтудан да талмаймыз
Салауат егер аузымыздан түспесе
Ешкімнен де ешкімнен де қалмаймыз
Салауатты айтып егер көп жүрсек
Жамандыққа да ешқашан біз бармаймыз

Алла өзі айтқан салауат
Періштелерге жақсыларға бұйырылған салауат
Жетістікке жетем десең жамағат
Салауат саған ең үлкен аманат

Күдіктер көбейген бір заман болды
Айналамыз мәнсіздікке тағы толды
Сонда да күдіктерге қарсы тұру керекпіз
Иманымыз болмаса екен қолды қолды
Жауаптарды іздеуге біз керекпіз
Сонда ғана табады екенбіз тура жолды

Тәубе
Тәубе ету адамға дем береді
Жолын ашып жүрегіне ем береді
Білетіндер тәубе көп ет деп еді
Истиғфар сұрап жүру хадистерде келеді
Сол кезде жақсылықтар артығымен енеді

Дүние
Дүние берілген бір сынақ екен
Осыны ертерек түсіну керек пекен
Өткен іске салауат делінген ғой
Әрбір істе салауат серік екен
Мақсатқа егер жетем десең
Сенімің дұрыс болу керек екен

Тәубе
Бар есіктің кіліті тәубе деген
Тазартар күнәларды Жаббар егем
Мәселе, қиыншылық шешімдері
Шынайы жасалынған тәубе дер ем

Тақуа
Тақуа мұсылманның бір сипаты
Батылдықпен болса бірге ілтипаты
Тақуаға жету жолы дегеніміз
Нәпсіге қарсы болған шын жихаты

Тақуа болған кісі бай болады
Еңбек етсе төрт түлік те сай болады

Тақуалық Алладан қорқа білу
Харам мен күмәндіден өзін тыю

Тақуа қияметте биікке жеткізеді
Уайымды жүректерден кеткізеді

Тақуа болуға біз тырысайық
Осы жолда жарыссақ жарысайық

 Дұға
Дұға бізге әр істе керек екен
дұға еткендер әрқашан зерек екен
Дұғамен бисмилләмен басталған іс
Әрқашан жақсылыққа жетеді екен

Әлсіз бір жаратылыс адам деген
Сол үшін дұға жаса, қабыл дер ем
Әлхамду салауат пен бастасаңыз
Салауатты көп айтып қоштасаңыз
Дұға қабыл болуға болар көмек
Болмады деп сіз бірақ аспасаңыз

 Шүкіршілік
Шүкіршілік атамыздан қалған әдеп
Сол арқылы өсіп өнді неше әулет
Әр уақыт ұмытпасақ шүкіршілік
Құрамыз әлі талай үлкен сәулет

Шүкіршілік Құранда бірінші аят
Құдайым оны қойды бізді аяп
Шүкіршілік болғанына қолмен аяқ
Алып қою оны Аллаға оңай жай ақ

Әр күні оқитын дұха намаз
Екінші аты оның шүкір намаз
Сол намазды әрқашан оқып жүрсек
Өмірде аулақ болар қиын араз

Концентрация
Оны ұстау күнімізде маңызды іс
Себебі алаңдатар көп құбылыс
Жан жағымыз интернетпен оралғанда
Маңызды қазір бізге бұл бұрылыс
Дұрысынан уақытты қолданбасақ
Сол себепті болады талай ұрыс
Концентрацияға көмек берер ерік жігер
Дұға болса бірге медет берер

Өмір жайлы ойланып талдар болсақ
Өмір қысқа соны біз аңдар болсақ
Әке-шеше, туысқан, отбасымыз
Көп қүрметке лайық жандар қолдар болсақ

Уақытты дұрыс біз бағамдайық
Бос нәрсеге ешқашан салынбайық
Сол арқылы білім оқып, жұмыс жасап
Ешкімге біз ешқашан алынбайық

Сабыр
Сабыр иманның жартысы деген бабам
Одан асып мен бейбақ қайда барам
Сабыр болған жерде жеңіс болар
Сабырменен айнала нұрға толар

Маңызды іс сабыр сақтау
Сабырменен жұмыс бастау
Сабырлыны күттірмейді бақыт деген
Ақылың болса егер ойың терең

Таухид
Исламның негізі таухид екен
Сол үшін әрқашанда дұға етем
Әрбір іс Алланың қалауымен болады
Ойлану арқылы мен таухидке жетем

Білім
Тал бесіктен көр бесікке дейін алу міндет
Білім үйрену үлкен бір сүндет
Тәрбиелі әрі білімді болсақ егер біз
Жоламайды бізге ешқандай індет

Күдікпен күрес
Өмірде жақсы оймен жаман ой қатар жүрер
Қайсысына көмектессең сол ой жеңер
Ал мұсылман әрқашанда Құдайға сенер
Тәуекел етіп жаманды жеңген жұмаққа кірер

Адамға ақыл берген, сана берген,
Ал жеңуге тек қана ойды берген

Оны да жеңу үшін медет сұрау керек
Намаз оқып сұраған әрқашанда жеңед
Онымен қоса күнәларға тәубе етсе
Жеңумен қоса жақсылықта бірге келед

Дәрет
Дәрет деген жан мен тән тазалығы
Таза жүргеннің сүйкімді әр қылығы
Дәрет пен дұға болса сенің досың
Негізі бақыт деген сол шынығы

Балаларға арналған
Қар жауғанда айнала ерекше күйге енеді
Далада қармен ойнап аунағым да келеді
Сұранып көрейін ата-анамнан
Егер көңіл-күйі жақсы болса, олар мені жібереді

Дәптер
Дәптерді ұмытып кейде кетемін
Жазып жүрсем жетістікке мен жетемін
Кітаптың ішіне дәптерді салып қойып
Ұмытпайтындай енді мен етемін

Ағаштар
Биік әрі сабырлы біздің ағаштар
Жемісін беріп, көлеңке болып бағыштар
Ақылды болса егер балалар
Су беріп ағаштарды таза ұстар

Сиырлар
Сиырлар біздерге сүт береді
Артық қалса айран боп келеді
Сүт ішіп айран ішіп жүрген бала
Кириешкийлерді бір қолмен ақ жеңеді

Тренд
Рекке шығу өмірдің мәні емес
Шықпасаң да жер төңкерілмес
Рекке шықпа, орнына кітап оқы
Саған берейін бір тренд кеңес

Интернет желісі
Интернеттің пайдасынан зияны көп боп тұр
Оны қолданатындар да топ боп тұр
Ал соны жақсылықпен толтыратындар
Аз немесе қазір бірақ жоқ боп тұр

Айнала
Бәрі телефонға қарап жүргенде
Айналаға мен қараймын
Зато ертең соларға мен бастық болған кезде
Ақшаны пачкамен мен санаймын

Жасанды интеллект
Интеллект қазір өмірдің бір бөлшегі
Соны жұмысыңда қолдана алсаң
Дейді ғой жақсы оның келешегі
Жалпы, білімі мен қаржысы барлардың
Үйретіп, халыққа көмектесу берешегі

Пысықтар
Әркім өзіне пысық заман болды
Тегінге көмектесу тамам болды
Әрекетке берекет ол да жақсы
Бірақ та ұмытпайық жақсылық жасау, ата жолды

Үйлесім
Үйлесіммен жаралған әр нәрсе
Адам оны түсінер ақылға ерсе
Айналаға көз салып
Алланың қазынасын оймен терсе

Әрбір мақлұқ жаралған жұп-жұбымен
Ыңғайласып келеді тең-теңімен
Ешқандай мін жоқ қой қарасаңыз
Құдайдың жаратқанын ой түбімен

 Қыс мұсылманның көктемі
Алдынан шығар жақсы амал еткені
Түні ұзақ тахаджуд намаз еткені
Ал күні қысқа оразамен өткені

Құран бағыштау
Бағыштау бабадан қалған әдет еді
Дінде де оның мәні терең еді
Бағыштап жүрген кезімізде
Жүрек тыныш, рух бай кезең еді
Өлі разы болмай тірі бай болмайды
Байлық көп, дүние - оның төмені деді
Бұл әдетті көбейту қайта керек
Білетіндер бұл асыл іс әр намаздан соң болсын әмен деді

Ислам
Тек қана жақсылыққа шақыратын,
Жамандықты кетіріп, жақсылықты асыратын
Білімге, татулыққа үгіттеп
Ата-ана туысты құрметтетіп ашылатын

Жақсы іс жасасаң өзіңе деп сүйіншлеп қуанып
Жамандық жасасаң күйініп, сабырмен басылатын
Осындай Құдай осындай дін қайда бар
Адамды қараңғылықтан шығарып бақытқа асығатын

Тікток шайтандар
Тиктокта жиналады күнде олар
Жамандап әрнәрсені шырпыр болар
Өсек айтып отырып, тиіседі
Ислам мен құндылыққа қарсы солар
Қасына өздеріндейлер жиналар
Ислам десе шашы тұрып қиналар

Әке-шеше
Өздері жемей білдірмей саған ас берген
Кем болмасын деп, еңбек қып күнде мал терген
Біз неге бай емеспіз деген сұраққа
Байлығымыз сендерсіңдер деп келген
Алыстан көріп, жылулық сезген
Көтеріп өсірген балалық кезден
Сондай ата-анаңа қатты сөйлеуге
Болмайды қанша болсаңда ұяттан безген

Капитализм
Капиталдың зиянын біз көріп келеміз
Кедейлер көбейіп, байлықты байға береміз
Барлығымыз кредиттерге отырып
Жөйітке беріп, түбінде тиын тереміз

Жөйіттің шығарған бұл жүйесі
Әлемге жайылды оның енді күйесі
Дүниені биік қойып бәрінен
Бұзылды бәрі жақсы менен киесі

Айрыла алмай проценттен әлі келеміз
Балаға бермей, ақшаны банкке береміз
Шықпады біреу осыны дұрыстап беретін
Әлде де шығар, халықты ойлар сенеміз

Демократия
Демократия - тобырды басқару жүйесі
Көрінеді көпшіліктей шынайы оның иесі
Шынына келсек, ақпаратпен басын улайды
Теле-де отқан жөйіт пен билік иесі

Заңды халыққа жаздырар
Ал бірақ халықты дайындап, аздырар
Жамандықты жақсыдай етіп көрсетіп
Әлемді мынау тоздырар

Америка осыған ілінді
Жамандығы білінді
Қалғаны соны жақсы деп
Барлығы соған жүгінді

Шешімі
Заңды адам таппайды
Оны жазған тыныштықпен жатпайды
Құранда Құдай, заң да айтып қойылған
Бірақ оны - уланған бас қақпайды

Білім - берілген бұл берекет
Жүйеміз бірақ жүрген бұл бір пәлекет
Мақсатсыз әлі тобырды дайындай береміз
Жасамасақ егер осыған біздер әрекет

Жастық шақтан атеисттік түсінік егеміз
Балаға біз дәл осылай адасқан бағыт береміз
Пиғыл жаман, ажырасу, қылмыс неге көп
Үйретіп алып, түсінбей өзіміз келеміз

Бағытсыз да, бақытсыз да ел болдық
Іштей өліп, сырттай бірақ біз толдық
Тарта жүріп әркім білген жағына
Ата діннен алыстап, көгермей жатып біз солдық

Шешімі біреу шығар жолдан тығырық
Халықтың күткен нәтижесі шыңғырып
Құранды біздер оқытуымыз керек мектепте
Көбеймесін десек ары қарай көп былық




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу