ҚазҰУ Журналистика факультеті – ұлттық журналистиканың қарашаңырағы
Студент: Дүйсебек Әнел
Жетекші:Жанат Сейтжанова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - елдегі білім мен ғылымның қара шаңырағы, әрі халықаралық деңгейдегі іргелі оқу орны.Университет 1934 жылы Қазақстандағы ең алғашқы жоғары оқу орындарының бірі ретінде іргетасы қаланды. Бүгінде бұл оқу орны - білім берудің ғылыми-әдістемелік дәстүрі мен бай тәжірибесі қалыптасқан іргелі білім ордасы. Университет басшысы (Басқарма Төрағасы – Ректор) - Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев. Университет құрамында 16 факультет жұмыс істейді. Олардың ішінде Журналистика, Ақпараттық технологиялар, Биология, География, Физика-техникалық және тағы басқа салалық факультеттер бар.
Университет заманауи технологиялар мен ғылыми зерттеулерге басымдық береді. Университетте Farabi Hub - Инновациялық қызметті дамыту орталығы, Digital Farabi - Университетті цифрландыру жобасы, Ми институты - Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін бірегей бөлім, «Керемет» қызмет көрсету орталығы - студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша көмек беретін орталық жұмыс істейді.
ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі жетекші оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Columbia University, Princeton University, Berkeley (АҚШ), М.В. Ломоносов атындағы ММУ және Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей) сияқты әлемдік топ-университеттермен ынтымақтастық орнатылған.Университет базасында Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты жұмыс істейді және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына жетуді көздейді.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгінде тек Қазақстанның емес, ТМД көлеміндегі ең іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Университет басшылығы заманауи технологиялар мен халықаралық ынтымақтастыққа басымдық беріп келеді. Оқу ордасының «Қазақ университеті» атты төл басылымы 1948 жылдан бері шығады және ол бүгінде университеттің тыныс-тіршілігін насихаттайтын басты медиа құралға айналған.
Қазақ журналистикасының кәсіби мектебі де дәл осы ҚазҰУ қабырғасында басталған. Факультет тарихы 1934 жылы құрылған Қазақ журналистика институтынан бастау алады. Қызықты бір дерек: Алматыда журналистика факультеті 1941 жылы ашылған, бұл Мәскеу мемлекеттік университетінде бұл факультет 1947 жылы алты жылдан соң ашылған. Факультеттің қалыптасуына Тауман Амандосов пен Темірбек Қожакеев сынды тұлғалар өлшеусіз үлес қосты. Тауман Амандосов қазақ публицистикасының теориясын алғаш зерттеген ғалым, Темірбек Қожакеев 1970-1986 жылдар аралығында декан болып, факультетте «темірдей тәртіп» пен жоғары кәсіби талап орнатты. Темірбек Қожакеев 1970-1986 жылдар аралығында 16 жыл факультетті басқарды. Ол сабаққа кешікпеуді, тапсырмаларды уақтылы орындауды қатаң талап етті. Оның «Айтты - бітті, кесті - үзілді» деген қағидасы факультетте жоғары деңгейдегі жауапкершілік қалыптастырды. Декан студенттердің кәсіби сауаттығына баса назар аударған. Бір үтір немесе синтаксистік қате үшін «екі» қойылатын талапты қадағалап, болашақ журналистердің сауатты болуына негіз қалады. Ол қатал басшы болғанымен, әрбір студенттің отбасылық жағдайы мен мінез-құлқын жақсы білетін қамқор ұстаз болған.Т.Қожакеев басқарған кезеңде факультет оқу үлгерімі мен тәртіп жағынан университетте көш бастап тұрды. Бүгінде еліміздің белгілі журналистері мен қайраткерлері өздерін «Қожакеев мектебінің» түлектері ретінде мақтанышпен атайды. Қорытаайтқанда, Темірбек Қожакеев - факультеттің теориялық және практикалық негізін қалаған, журналист маманының моральдық және кәсіби деңгейін биіктеткен тау тұлға.
Қазір факультет жаңа медиа мен сандық технологияларды меңгерген мамандарды даярлауға басымдық береді. Бүгінде факультетте үш негізгі кафедра жұмыс істейді: Баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы. Студенттер теориямен шектелмей, «KM LAB» озық технологиялар зертханасы, «QAZAQSTAN» оқу-шығармашылық зертханасы және телерадиокешен базасында практикалық дағдыларын шыңдайды. Факультет CNN Turk, Associated Press сынды әлемдік медиа алпауыттарымен тығыз байланыста. Студенттердің практикалық дағдыларын шыңдау үшін АҚШ және Куала-Лумпур университеттерінен шақыртылған профессорлардың интерактив дәрістері өткізіледі.Студенттер фактчекинг және мультимедиалық технологияларды меңгеруге машықтанады. Студенттердің өз идеясын жүзеге асыру үшін студенттік бизнес-инкубатор жұмыс істейді.
Бұл инновациялық зертханалар студенттерге заманауи медиа саласына қажетті практикалық және ғылыми дағдыларды үйретеді. Айта кетер болсақ, «KM LAB» озық технологиялар зертханасыбазасында 2014 жылдан бері MPLUS & COMPASS білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Студенттер бұл жерде «Коника Минолта» компаниясының озат технологияларымен танысып, арнайы оқу бағдарламасынан өтеді және жыл сайын оны бітіруші түлектерге арналған салтанатты шаралар өткізіліп тұрады. Ал, «QAZAQSTAN» оқу-шығармашылық зертханасы 2018 жылы «Қазақстан» РТРК мен университеттің ынтымақтастығы аясында ашылған. Мұнда журналистика, медиа және коммуникация салалары бойынша шеберлік-сабақтары өткізіледі. Зертхана тәжірибе алмасу орны ғана емес, сонымен қатар іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу платформасы.Студенттер «Qazaqstan» телеарнасының тәжірибелі мамандарымен кездесіп, олардың кәсіби кеңестерін тікелей тыңдай алады. Мұндай заманауи техникалық база студенттерге мультимедиалық технологияның қыр-сырын меңгеруге, фактчекинг дағдыларын қалыптастыруға және әлемдік медиақұрылымдардың озық тәжірибесін үйренуге мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламаларының негізгі бағыттары
Бакалавриат | Магистратура | PhD докторантура |
«Журналистика» «Кино&Медиа» «Медиакоммуникациялар» «Халықаралық журналистика» «Қоғаммен байланыс» «Баспа ісі» «Дизайн» «Медиадизайн» | «Data журналистика» «Big-data және журналистика» «Ғылыми журналистика және коммуникация» «Экологиялық журналистика» «Цифрлы медиакоммуникациялар» | «Журналистика», «Медиа және коммуникация», сондай-ақ «Журналистика және жаңа медиа» бойынша қос дипломды бағдарламалар жұмыс істейді. |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Data журналистика және Big-data бағыттары магистратура деңгейіндегі заманауи білім беру бағдарламаларының құрамына енеді. Бұл бағыттарда оқитын студенттерге негізгі дағдылар мен білімдер беріледі. Мысалы: терең аналитикалық дағды, яғни студенттер журналистика мен коммуникация зерттеулеріне қажетті аналитикалық қабілеттерді дамытады. Екіншіден, компьютерлік бағдарламаларды меңгеру – бұл мәліметтерді талдау және цифрлық контент жасау үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар мен технологияны қолдануды үйренеді. Сонымен қатар жаңа медиа мен сандық технологияның қыр-сырын меңгеруге, соның ішінде жаңа медиаға кіріспе және конвергентті журналистика негіздерін оқытады.
Қорыта айтқанда, ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті - ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаһандық медиа трендтерді (Data журналистика, медиакоммуникация) меңгерген жаңа буын мамандарын даярлайтын бірегей орталық. Бұлфакультет - отандық медиа саласының ірі тұлғаларын тәрбиелеп шығарған, 85 жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы журналистік ілімнің қарашаңырағы. Факультет түлектері бүгінде еліміздің мемлекеттік басқару, дипломатия және медиа салаларында жоғары лауазымды қызметтер атқарып жүр. Танымал түлектер қатарында Қуаныш Сұлтанов - белгілі журналист, қоғам және мемлекет қайраткері, Парламент Сенатының депутаты, Мұхтар Құл-Мұхаммед - мемлекет және саясат қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Сауытбек Абдрахманов - Парламент Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлықбек Есдәулет - танымал ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Арманжан Байтасов - белгілі журналист, Қазақстан Медиа Альянсы басқарма төрағасы, Бибігүл Жексенбай - «Астана» телеарнасының директоры, Бейбіт Исабай - журналист, Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Құрманғали Берік - ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі бар. Сондай-ақ, Ерлан Бекхожин, Жұмабек Кенжалин, Дархан Мыңбай және Шәмшидин Паттеев сынды тұлғалар факультеттің мақтаныштары. Заманауи тележурналистиканың жүйріктері - Нартай Аралбайұлы, Нұрлан Наурызалин және Мейіржан Әуебекұлы да журналистика факультетінің түлектері.
Қорыта келе , Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті - терең тарихы мен дәстүрі бар, заманауи медиа талаптарға сай мамандар даярлайтын жетекші білім ордасы. Сондықтан бұл факультет ұлттық журналистиканың дамуына үлес қосатын білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелейтін бірегей орталық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇