08.05.2026
  272


Автор: Еркінбек Қымбат

 Өзгеге еліктеу

  Әдетте біз «Мен ерекшемін» деп ойлаймыз. Менде солай ойлайтынмын. Алайда, ойланып қарасам , сен қанша ерекше болсаңда , түпнұсқаң ішіңде жатады екен. Бұл ой маған жәй келе қойған жоқ. Апталап санамды босатпаған бұл пікір мектепте болған оқиғадан бастау алады. 


  Бәрі мектептегі үздік оқушымен сөйлескеннен басталды. Біз өзіміздің жатаханамызда жатқанбыз, бір сәтте егізім мен құрбым Жансая атты ақылды , үздік оқушымен сөйлесіп тұрғанын көзім шалып қалды. Қастарына жақындай берген сәтте, түнгі аусымдағы тәрбиеші апайдың дауысы бәрімізді таратып жіберді . Сөйтіп , бөлмеге аяқ баса салысымен әлгі қыздың не айтқанын сұрай бастадым. Олардың айтуынша, ол интернет сияқты желілерге кірмей, тек білімге баса мән беріп, болашағына жоспар құрыпты. Тіпті , оны айтқан тәрізді. Міне , осыны естіп алып, түнімен ұйықтай алмадым. Ертесінде , көрші бөлмедегі қыздың Кәріс елінің стиліне елігетінін білдім. Сондай-ақ, өткенде TIK TOK сайтынан көрген квадробика есіме түсе қалды. Тіпті, оның қауіпі көз алдымда бейнесін салып үлгергендей.  Сол сәтте , жүрегімнің түбінде жатқан терең ой босап шыққанын сезіп, жүрегім дүрс-дүрс соғып жіберді. Бірақ іштей бір дауыс « бұл дұрыс емес » деп сыбырлағандай болды.


  Кейде біз басқалардың айтқанына , олардың іс-қимылына қарап соларға еліктеп жатамыз. Олардың өз бойларында қалыптасқан мінез-құлқын , әрекеттерін қайталаймыз. Осылайша өз-өзімізді алдап, иллюзияда өмір сүреміз. Ал мен кіммін деп ешуақытта ойлап көрмегенбіз. Әрине , өз бетіңше жаңа зат ойлап тапқаннан қарағанада , өзгеден деректі алу оңай. Көпшілігі еліктеуді ғибрат алумен шатастырады. «Ой, мен [spoiler][/spoiler]ешкімге еліктемеймін» деп бояуы жоқ әлемде көзімізді тарс жауып ғұмырымызды жалғастыра береміз. Ал , шын мәнінде бәрі керісінше. Біз көп кітаптардан, әлеуметтік желіден, кейіпкерлерден үлгі аламыз. Әйтсе де , үлгі –ол өзгеден көшіру емес, ол басқаның қасиетін өз тұла-бойыңмен ұштастыру, үйлестіру.Еліктеуден қашып құтылу мүмкін емес, тек оны үлгіге айналдыра білу керек.


 


Автор: Еркінбек Қымбат




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

03.06.2026 17:47
мАна

Пікір жазу