Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2026
18
Емсіз ғашықтық
Айналып келе берем, неге саған?
Есік қағып тұрсада келесі адам.
Өзіңді ұмыттырар дәрі болса,
Алу үшін барымды бере салам.
Мен неге ғашық болдым екен саған?
Сені көруге тағатым таусылмаған.
Сені жаным, ешқашан ұмытпаспын.
Өміріме шаттық берген, алтын адам.
Бар білерім, бауыр басу ғана екен.
Білесің, бауыр басу қиын екен.
Дегенмен, үнсіздікте өмір сүруді де
Мен үйрендім оны сененде.
Махаббат-ұлы сезім бұл әлемде.
Амалсыздан көндіктім, бұл сезімге.
Сені мәңгі менімен болар деп ем,
Кеттің ғой, сенде мені жалғыздыққа түңілте
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇