Өлеңдер ✍️

  25.04.2026
  130


Автор: Qalıs Toleýǵazy

Бөрі сырғақ

Ақырған ақпанда, аспанның асығын иіріп,


Қасқыр түс қақпанға, тірсегі қиылып…


Бөртесін кетеді әуектен бөлектеп,


Бұрқасын боранда бөрілер ұйығып.


 


Бойында өрлік, жортады шеп құрып,


Құрбанның қанына даланы бөктіріп.


Қаншықтың иісі танауын қытықтап,


Ұлиды тым ұзақ, ұлиды тектілік!


 


Ақ бұрқақ бетке ұрып, алсада көз байлап,


Аулайды азығын, тектілік көзде ойнап.


Аязда ызғарлы, бөртелер қыңсылап…


Бөрілер ұлиды ләззатты кезді ойлап.


 


Рухын, намысын, қанында қайнатып,


Бөртелер бөріге құлағын шайнатпақ…


Жерігі қоздырып, көздері қанталап,


Жолынан шыққанын өтетін жайратып.


 


Әржылдың осы бір қақарлы айында,


Көнелер айтатын көк бөрі жайында…


Әдепкі әдебін ұмытып, құнығып қызылға,


Малшылар қауымын салатын сары уайымға.


 


Көз ұшы бозандап, көрінбей төбелер,


Мап-майда жаңбырлар, мұз болып себелер.


Бөрілер жұптасқан, долы күндерді,


«Бөрі сырғақ» деп болжаған көнелер.


 


Үйірдің қамы үшін беретін жанында,


Бөрілер ұлиды, әлде бір қайғылы сарынында.


Рух боп қайнайды, бөрілік, тектілік,


Намыс боп ойнайды қазақтың қанында!


 


Мұрагер ұрпаққа мұрасын қалдырып,


Бабалар көрінде көміліп қалды үміт…


Бір ұлып аларсың, қазағым қайтадан,


Көкжалдар рухы кеудеңде жаңғырып.


Бөрілер ұлиды…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу