Эсселер ✍️
Менің арманымдағы мамандық
Әр адамның өмірінде өз арманы, болашаққа қойған мақсаты болады. Сол армандардың бірі – болашақ мамандық таңдау. Мамандық тек табыс табу ғана емес, сонымен қатар адамға өзін көрсетуге, қоғамға пайда тигізуге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Менің арманымдағы мамандық – журналист.
Журналист болуды бала кезімнен армандадым деп айта алмаймын. Осыған дейін әскери қызметкер, мұғалім, дәрігер болуды қаладым. “Бәріне уақыт сыншы” демекші, 10-сыныпқа келгенде өз болашағым туралы ойлана бастадым. Менің қандай мамандыққа икемім бар, жүрегім нені қалайды деп көп ойландым. Ойымды анық жеткізе білу – менің артықшылығым еді. Сол үшін де басыма жазылғаны журналист болу шығар деген тоқтамға келдім. Алғашында өзіме: “Журналист деген кім? Оның қоғамдағы рөлі қандай?” деген сұрақтарды қойып жүрдім. Мардымды жауап бере алмадым. “Мүмкін, бұл менікі емес шығар” деген ойлар да мазалады. Бірақ өз мамандығымды зерттеуден жалықпадым. Қазір таңдауыма еш өкінбеймін. Мамандығымды таңдағаннан кейін менің өмірлік мақсатым айқындала түсті.
Қорытындылай келе, әр адам өз мамандығын жүрек қалауымен таңдауы керек. Сонда ғана ол өз ісін сүйіп атқарып, үлкен жетістікке жетеді. Менің арманым – кәсіби журналист болып, ел игілігі үшін қызмет ету. Сол арманымды жүзеге асыру үшін қазірден бастап білім алып, өзімді жан-жақты дамытуға тырысып жүрмін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇