Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2026
20
Біреулер бар.
Біреулер бар күлдірер де жылатар,
Біреулер бар биіктесең құлатар,
Сен біреуге қолың жетпей жүргенде,
Біреулер бар сені сырттай ұнатар.
Біреулер бар тура жолмен жүрмейтін,
Біреулер бар адалдықты білмейтін,
Ақиқатын сезіп біліп тұрсаңда,
Біреулер бар өтірігін шын дейтін.
Біреулер бар шын достықты білетін,
Біреулер бар шын қайғырып, күлетін,
Өзі қайғы, өзі жапа шексе де,
Біреулер бар тек күлімдеп жүретін.
Біреулер бар сені өзгеден қорғайтын,
Біреулер бар əрқашанда қолдайтын,
Байқамастан ренжітіп алсаңда,
Біреулер бар шын сезімін жолдайтын.
©Камал ҰЗАҚ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇