Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.03.2026
13
Қарағым-ай!
Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Іздесемде таппадым дала қырдан.
Оралса да күндері жаздың ыстық,
Қар жауып тұр тоқтамай жанарымнан.
Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Арылатын бар ма сәт нала-мұңнан?
Төгілсе де аспаннан күннің нұры,
Ашылмай тұр қара бұлт қабағымнан.
Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Ойлар көп қой жүректі жара қылған.
Күлкінің ұмыттым не екенін,
Бір тілім ас өтпейді тамағымнан.
Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Керек боп жүр мағанда дара бір жан.
Әйтпесе азайып бара жатыр,
Жылылық ай жүзді ажарымнан.
Кәне, құйшы бір шиша шарабыңнан.
Жұбатайын жанымды аза болған.
Бәлкім хабар алармын қарағымнан,
Егер бұрын өлмесем ажалымнан.
06.03.2026
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇