Өлеңдер ✍️

  23.02.2026
  792


Автор: Абатова Меңсара

Өлшеусіз өмір

 


Өмір деген 5 күн жалған, сынақ бұл,


Бұл жалғанда өз орныңды тауып біл.


Талпын биік, артыңнан із қалдырып,


Адамдықты жүрегіңе жағып біл.


 


Өмір-өзен, ағысына қарсы жүз,


Төзімділік – адамдағы асыл іс.


Сынақтарды сабырменен жеңе біл,


Сонда қалар артыңда сенің асыл із.


 


Өтеді өмір, тоқтамайды, зырлайды,


Уақыт шіркін шапқан аттай сырлайды.


Қалдырған із, жасар ісің мәңгілік,


Сонда ғана жүрегіңді шыңдайды.


 


Қиындықты кездессе де жеңіп өт,


Әр қадамың болсын ізгі жолда тек.


Қателіктен сабақ алып, өсіп өн,


Құлағанда мойынсұнбай тұрған жөн.


 


Өмір мәні - адалдық пен таза жол,


Сөз бен істің тұтастығы - асыл қол.


Мәңгі емес болғанымен бес күнің,


Артта қалар мұраңды тек жасар сол.


 


Өмір деген өлшеусіз, соны білші,


Шегі жоқ сырдай терең ойға кірші.


Санап жүрген күндерің - бір сағымдай,


Мән іздесең, жүрегіңе үңіл, соны білші.


Абатова Меңсара Мейрамқызы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу