Шығармалар ✍️
Неліктен жасөспірімдер ересек өмірден қорқады?
Мектеп бітіріп,үлкен өмірге қадам басу-көптегенжасөспірімдер үшін қуанышты сәт қана емес,сонымен қатарқорқыныш пен белгісіздікке толы кезең.Кеше ғана ата-анасының қамқорлығында,қатаң тәртібі бар ортада өмірсүрген жасөспірім енді өз бетінше шешім қабылдап, жауапкершілік алуға тиіс.Осы өтпелі кезеңде <<қателесіпқалсам ше?>>, <<дұрыс жолды таңдай аламын ба?>> дегенсұрақтар жиі мазалайды.
Жасөспірімдердің ересек өмірден қорқуы-әлсіздік емес,бұлолардың болашаққа деген алаңдаушылығы мен өз орнынтабуға деген талпынысының көрінісі.Қоғамның жоғарыталаптары,қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу,мамандықтаңдау сияқты күрделі міндеттер бұл қорқынышты күшейтетүседі.Сондықтан бұл тақырыпты талдау жасөспірімдердіңішкі жан дүниесін тереңірек түсінуге және оларға дер кезінде қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенінұғынуға мүмкіндік береді.
Психологиялық қысымның әсері
Көптеген балалардың ең үлкен қорқынышы-қателік жасаужәне болашақтың белгісіздігі.Мұндай қорқынышпсихологиялық тұрғыдан баланың ішкі сенімсіздігінкүшейтеді.Нәтижесінде ол әрбір әрекетіне күмәнмен қарап, үнемі қорқыныш сезімімен өмір сүреді.
Сенімсіздік cезімі бала бойында өздігінен пайда болмайды. Ол көбіне қоршаған ортаның,әсіресе ересектердің қарым-қатынасының нәтижесі.Үнемі сынға ұшырау,салыстыру, шамадан тыс талап қою-баланың ішкі еркіндігін шектеп, бастамашылдығын әлсіретеді.
Осындай жағдайды басынан өткерген адамдар ғана баланыңішкі күйін терең түсіне алады.Себебі біреудің мәселесінұғыну үшін,өзіңнің сол жағдайда қандай сезімдеболғаныңды еске түсіру маңызды.Эмпатия-баланың сенімінқалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі.
Сондықтан ересектердің басты міндеті-дер кезінде балағасенімділік қасиетін дарыту.Қолдау көрсету,қателесугемүмкіндік беру және жетістігін бағалау арқылы ғана бала өзін қауіпсіз сезінеді.Ал өзін қауіпсіз сезінген бала болашақтан қорықпай,еркін дамуға қадам жасайды.
Ғаламтор желісіндегі <<әдемі өмір>>
Қазіргі қоғамда адамдар интернет желісіндегі «әдемі өмір» көріністеріне үйреніп кетті.Әлеуметтік желілерде табысты, сәнді,мінсіз өмір салтын көрсететін бейнелер көптептаралады.Әр адамның өмір жолы әртүрлі болғанымен, виртуалды кеңістікте бәрі біркелкі жетістікке жеткендейәсер қалыптасады.
Әсіресе жасөспірімдер мен жастар осындай бейнелергеқарап, өзін өзгелермен салыстыра бастайды. Қоғамда<<жиырма жасында табысты болу керек>> дегенжазылмаған талап бар сияқты.Егер адам осы жасындабелгілі бір жетістікке жетпесе, өзін қоғам талаптарына сай емес сезінуі мүмкін.
Алайда табысқа жетудің нақты уақыты болмайды.Кейбірадамдар жетістікке ерте жетсе,енді біреулер тәжірибежинақтап,өз жолын уақыт өте табады.Әр адам-жеке тұлға, оның даму қарқыны мен мүмкіндігі де әртүрлі.Жиырмажаста табысты болу міндет емес,бұл-қалыптасқанстереотиптердің бірі ғана.
Жастар үшін ең маңыздысы-өз жолын табу,қабілетін дамытужәне өз мүмкіндігін өзгемен емес,кешегі өзімен салыстыру. Шынайы жетістік уақытпен емес,адамның ішкідайындығымен өлшенеді.
Дербес шешім қабылдау қабілетін қалыптастырудыңмаңызы
Егер бала кішкентайынан өз бетінше шешім қабылдауғаүйренбесе,ересек өмірден қорқу-табиғи құбылыс.Себебіөзіндік шешім қабылдау дағдысы қалыптаспаған адам жауапкершіліктен,белгісіздіктен және қателік жасауданқауіптенеді.Ал шын мәнінде, өмірдің әр кезеңінде адам өзтаңдауына өзі жауап беруге мәжбүр болады.
Ата-ана баласының өмірінде маңызды рөл атқарғанымен, олар әрдайым жанында бола алмайды.Сондықтан баланыжастайынан өз шешімін қабылдауға,әрекетінің салдарынтүсінуге және жауапкершілік алуға үйрету қажет.Қателікжасаған жағдайда да шешім қабылдау құқығын толығыментартып алмай,керісінше,бағыт-бағдар беріп, сенім білдірумаңызды.
Баланың жеке пікірін тыңдау-оның тұлғалық дамуыныңнегізі.Өз ойын еркін жеткізе алатын, таңдау жасауғадағдыланған бала болашақта сенімді әрі жауапты тұлғаболып қалыптасады.Адамның тұлға ретінде дамуы балалықшақтан басталады,сондықтан осы кезеңдегі қолдау мен сенім ерекше мәнге ие.
Сонымен қатар көптеген адамдарда <<ата-ананың үмітінақтамау>> деген қорқыныш сезімі кездеседі. Бұл сезім кейжағдайда ішкі қысымға,шешім қабылдаудағы сенімсіздіккеәкелуі мүмкін.Сондықтан ата-ана тарапынан түсіністік пен қолдау көрсету,баланың қателіктен қорықпауына жағдайжасау-оның болашақтағы психологиялық тұрақтылығыныңкепілі.
Дербес шешім қабылдай алатын,қателіктен сабақ алатынжәне өз пікірін ашық білдіретін бала ғана ересек өмірдіңталаптарына дайын болады.
Қорқыныштың салдары
Ішкі сенімсіздік пен тұрақты қорқыныш адамныңпсихологиялық жағдайына тікелей әсер етеді.Егер бұл күйұзақ уақыт сақталса,оның бірқатар жағымсыз салдарыбайқалуы мүмкін.
Сонымен қатар тұрақты үрей депрессиялық ойлардың пайдаболуына себеп болуы ықтимал.Адам өз мүмкіндігін төменбағалап,болашағына күмәнмен қарай бастайды. Мұндайойлар эмоционалдық күйзелісті күшейтіп,тұлғалық дамуғакедергі келтіреді.
Қорқыныштың тағы бір салдары-болашақтан қашу.Бұлжағдайда адам ұзақ мерзімді жоспар құрудан,мақсат қоюданнемесе жаңа қадам жасаудан бас тартады. Белгісіздікке тап болмау үшін ол әрекетсіздікті таңдайды.
Сондай-ақ жауапкершілікті кейінге қалдыру да жиікездесетін құбылыс.Өз шешіміне сенімсіз адам маңыздытаңдау жасауды басқаға жүктеуге немесе уақыт созуға бейімболады.Нәтижесінде жеке даму үдерісі баяулайды.
Неге жасөспірім ересек өмірден қорқады?
Жасөспірімдердің ересек өмірден қорқуы-күрделі әрікөпқырлы психологиялық құбылыс.Біріншіден, бұл кезеңтұлғалық қалыптасу уақытымен бірге келеді.Жасөспірімөзін іздейді,болашағын елестетуге тырысады,бірақ нақтытәжірибе мен тұрақты сенім әлі толық қалыптаспағанболады.Белгісіздік сезімі қорқыныш тудырады.
Екіншіден,әлеуметтік қысым үлкен рөл атқарады. Қоғамдағы <<жас кезінде табысты болу керек>>, <<нақтымамандық таңдау керек>>, <<ата-ананың үмітін ақтаукерек>> деген талаптар жасөспірімге қосымшапсихологиялық жүк түсіреді.Ол қателесуден емес,солқателік үшін бағаланудан қорқады.
Үшіншіден,балалық шақта өздігінен шешім қабылдаумүмкіндігі шектеулі болса,ересек өмірдегі жауапкершілікодан сайын үрейлі көрінеді.Өз бетімен таңдау жасауғаүйренбеген жас адам болашақты қауіп ретінде қабылдауымүмкін.
Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі мінсіз өмір бейнесіде әсер етеді.Өзгелердің жетістігін көріп өскен жасөспірімөзін жеткіліксіз сезініп,болашақта сол деңгейге жете алмаудан қорқады.
Жасөспірімнің ересек өмірден қорқуы-әлсіздік емес,өтпелікезеңнің табиғи көрінісі.Алайда бұл қорқынышты азайтуүшін қолдау,түсіністік және сенім қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇