Өлеңдер ✍️

  18.02.2026
  367


Автор: Әміржан Бекұлы

ОТБАСЫ — АЛТЫН ТЕГЕРЕК

​Ата-ана — асқар, биік шың,


Бауырың — қанат, құйысқан.


Отбасы болса — берік дің,


Алыс та болар туысқан.


Бірлігі кеткен үйлердің,


Шаттығы қашар қуыстан.


​Әкеңнің сөзі — зор мектеп,


Анаңның мейрі — нұр көктем.


Тәрбие алсаң ептеп кеп,


Боласың ертең гүл көктем.


Ұяда көрген ұлағат,


Ұшарыңда болар зор септеп.


​Бауырмал болсаң — бағың сол,


Ағайын таппас сенен мін.


Тірлікте басар тура жол —


Өсиетін тыңдау көне күн.


Отбасың — алтын қазығың,


Шын бақытты содан көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу