Әңгімелер ✍️
Елде қалуға болмай ма? Жастардың шетелге кету мәселесі
Соңғы жылдары Қазақстаннан шетелге көшіп кететін эмигранттар саны артып отырғаны байқалады. Олар тұрақты тұру, даму және жеке себептермен көшіп кететіндігі жайлы көпшілікке мәлім. Бұл құбылыс екі жақты пікір туғызады. Бірі жеке таңдау десе, екіншісі алаңдатарлық жағдай деп есептейді. Бірақ, шын мәнінде бұл құбылыстың Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан себеп-салдарын талдау маңызды.
XXI ғасырда жаһандану мәселесі күрт жоғарлауына байланысты Қазақстан мен шетел айырмашылығы жер мен көктей болып отыр. Қазақстанды шет елдермен салыстырғанда, алдымен білім беру жүйесі, медицина, әлеуметтік қорғау, қала өмірі, жайлылық, заң, өмір салты мұның барлығының шетелден өзгешілігі бар екені айдан анық белгілі. Алдымен білім беру жүйесіне тоқталсақ. Егер АҚШ-ты мысалға алсақ, олар практикаға, тәжірибеге көп көңіл бөледі. Университет пен жұмыс берушілер арасында байланыс мықты. Сонымен қатар студент оқу кезінде жұмыс істеп тәжірибе жинайды. Ал Қазақстанда көбінесе практикадан гөрі теория көбірек қолданылады. Диплом бола тұра тәжірибе аз болып, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша проблема туындайды. Үшінші маңызды фактор – медицина саласы. Бұл салада да Швеция, Испания, Жапония елдері Қазақстаннан жоғары тұрғаны анық. Бұл ақпаратты 2019 жылғы әлемдік статистика бойынша Жапония халқының өмір сүру ұзақтығы 85,5 жылға жетіп, көш басына шыққаны растайды. Жоғарыда айтылғандай даму пайызы жоғары елдерге ҚЗ-дан көптеген қазақтар арасында өз өмірін жақсартуы мақсатында көші-қон мәселесі жүріп жатыр және әлі де өз позициясын тоқтата қойған жоқ.
Қазақстан азаматтарының көші-қонға қатысты ойын, білікті мамандардың елден кету себептерін зерттеген DEMOSCOPE бюросының хабарлауынша әр бесінші респондент (21%) елден көшу туралы ойланғанын анықтаған. Анализ көрсеткендей, көшуге деген ниет көбінесе респонденттердің жасына байланысты. Көшіп кетуге ең көп ниет білдірген респонденттер – жастар мен орта жастағы адамдар арасында байқалған.
Demos.kz бюросының веб-сайтында елден кетуді жоспарлаған респонденттерден оларды көшуге итермелейтін нақты себептер туралы сұрақтар қойылған. Сауалнаманың нәтижесі ретінде осыларды айтуға болады: жоғары жалақы алуға (24,5%), өздері мен балалары үшін перспективаның жоқтығын (23,9%), жақсы жұмыс табу ниетін (14%). Бір қызығы жастардың 80%-ы сапалы білім алуға, өзін-өзі дамытып, жақсы жұмыс орнында жақсы жалақы алу мақсатында жағдай жасауға ұмтылады. Атап айтқанда жастар, әсіресе 28 жасқа дейінгі азаматтар экономикалық себептерден, білім беру және болашағын ойлау мақсатында өмір сапасы мен әлеуметтік қауіпсіздік нақты әрі жиі айтылатын себептер болып отыр.
Егер осылай жалғаса берсе, жылдан жылға эмигранттар саны арта беретін болса, оның салдары қалай болмақ? – бұл ашық сұрақ. Ең бірінші проблемалық аймақ – еңбек ресурсының азаюы. Екінші маңызды фактор – әлеуметтік проблемалар және моральдық әсер. Жоғарыда атап айтылған Қазақстаннан шетелге көшу себептерінің салдарынан кәсіби мамандар, талантты жастар азайып, Қазақстанда тәжірибелі кадрлар азаяды. Бұл ақпаратты растайтын Халықаралық көші-қон ұйымына сәйкес, елден кеткендердің басым көпшілігі жоғары білімі бар адамдар. Cонымен қатар олар Ресей, Германия, Беларусь, Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты елдерді таңдайтыны анықталған. Халық санының азаюы, әсіресе ауылдар мен кішкентай қалаларда қоғамдағы теңгерімге әсер етеді. Sputnik веб-сайтының хабарлауынша 2023 жылы Қазақстан халқының адам саны 19 808 430. Оның 70,6%-ы қазақтар, 15,1%-ы орыстар, 3,2%-ы өзбектер, 1,9%-ы украиндар. 2025 жылғы статистикамен салыстырмалы түрде қарасақ: Қазақстандағы жалпы халық саны 20,3 миллионнан астам, ал оның ішінде қазақтар 71,22%, орыстар 14,60%, украиндар 1,83% құрайды. Көрсетілген статистикада 2 жыл арасында біршама өзгерістер болғанын байқауға болады. Жастар мен білімді мамандар кетсе демографиялық жағдай да нашарлауы мүмкін. Бұл аталған мәселелер елде қалған адамдар арасында «шетелге кеткендер дұрыс шешім қабылдады» деген ой қалыптастыруы әбден мүмкін.
Еске сала кетсек 2015-2019 жыл аралығында 200 мыңнан астам қазақстандық елден көшіп кеткен. Эмигранттар санын анықтау мақсатында жасалған анализ нәтижесінде 2020 жылдың 1-тоқсанында елімізден 8436 адам кетсе, 2021 жылдың алғашқы бес айында 9862 адам елден көшіп кеткен (бұл ақпараттар Ұлттық статистика бюросынан алынған).
Осылайша жылдан жылға эмигрант саны артып жатқанын байқауға болады. Жалпы шетелге көшу тарихы сонау кеңес дәуірінен бастау алған сынды. Сол жылдары көші-қон негізгі себептері студенттерді, мамандарды оқуға жіберу. Оған қоса репрессиядан қашу не жер аудару арқылы адамдар шетелге кеткен. Яғни бұл кезеңде көші-қон саяси және білім алу мақсатында болған. Екінші кезең – Тәуелсіздік алғаннан кейін. Бұл жылдары көші-қон себептері: экономика мәселесі, жұмыссыздық, теңсіздік, жалақы төмен болуы сияқты факторлардың әсері. Үшінші кезең – қазіргі кезең. Бұл кезеңде бұрын айтылғандай жұмыссыздық, білім алу мәселесі, әлеуметтік проблема және өмір сапасын жақсарту мақсатында эмигрант саны көбейіп келе жатқаны мәлім.
Шетелге көшу мәселесі күрделі әлеуметтік құбылыс болып қала беретіні рас. Менің жеке пікірім: Қазақстандықтардың шетелге көшуінің «негізгі» себептері білім сапасы, жалақы айырмашлығы сонымен қатар өмір сүру комфорты. Оны бірден-бір шешу жолы ол елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайды дамыту, жақсарту (білім сапасын арттыру, өмір деңгейін көтеру, жалақыны нормалау, қалаларды таза ұстап, көркейту). Бірақ мұны билік органдары жалғыз атқара алмайды. Қазақстан үшін бірінші билік органдары аталған мәселелерді дамытып тұрса, халық оны жүзеге асырушы. Осылайша біз тек бірігіп жұмылсақ ғана өз елімізді әлемдік деңгейге көтере аламыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇