Эсселер ✍️

  15.02.2026
  22


Автор: Ебелекбай Мерей

БІЗДІҢ ЖАСТАРДЫҢ СОЦЖЕЛІЛЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІГІ.

60-68%-дан астамы (шамамен 5,24 миллиард адам) әлеуметтік желілерді пайдаланады, пайдаланушылардың айтарлықтай бөлігінде тәуелділік белгілері байқалады. Әлем бойынша шамамен 210 миллион адамда әлеуметтік желілерге тәуелділіктің клиникалық белгілері бар, ал жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 11%-ға жетеді. 


 


(ақпарат жасанды интеллектен алынған)


 


Бүгінгі күнде біздің арада интернет медианы шамадан тыс қолданатын жасөспірімдер орасан көп. Қазірден бастап, ата-аналар балаларына кіші кезінен смартфонға бой үйретіп қояды. Нәтижесінде, бала кезінен гаджеттерді бақылаусыз қолданады. Өз-өзіне керекті жай құбылыстарды елемей кетеді. Олар: тамақ ішпейді, әжетханаға бару керегін сезбейді және т.б. алаңдататын мәселелер. BAQ бағдарламасында сұхбат алынған дәрігер, балаларға телефонның қауіпін түсіндіріп кетті. (21 Мамыр 2024 2024, 16:25) Тұрсынай Назарова балаларға 2 жасқа дейін смартфон беруге мүлдем болмайтынын айтып шықты: «Телефон немесе теледидар көп қарайтын балаларда көбінесе көру қабілетінің төмендеуі, тәбеттің, есте сақтау қабілеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, бастың ауруы деген сияқты өзгерістер болуы мүмкін.» Баланың телефонға әуестігі бір емес, бірнеше аурудың тууына себеп болатының хабарлайды. Бұл халықты алаңдататын өзекті мәселе болу керек, бірақ ешкім мұны аса маңызды деп санамайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу