Шығармалар ✍️
Шығармалар ✍️
14.02.2026
54
Әлеуметтік желілер бізді бақытты ете ме?
Бүгінде әрқайссымыздың қолында смартфон, ал оның ішінде Instagramm, TikTok, Telegramm сынды желілер бар. Оянғаннан бастап ұйықтағанға дейін аккаунттар қарап, лайк басып, неше түрлі пікір және ақпаратпен алмасып, сторис жүргіземіз. 13-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің кем дегенде 95%-ы бір әлеуметтік желіде тіркелген. Бірақ көкейімізде бір сұрақ:Ол шынымен бізіді бақытты ете ме? Әлемдегі кең таралған тақырып болғансоң бірге талдайық.
Біріншіден, бұл бізге “жеңіл бақыт” сыйлайды. Мысалы, достарымыздың посттарына лайк басу, комментарий оқу, өз өмірінді сториске жүктеп, қызықты видеолар қарау біздің дофоминымызды көтереді. Бұлардың бәрі бізге көңілімізді тез көтеруге көмектесті. Әсіресе 2017 жылдары болған карантин кезінде әлеуметтік желілер арқылы біз алыстағы достарымызбен байланыста болып, әлеуметтік желіні қарқынды түрде пайдалана бастағанбыз. Сонын арқасында қазіргі таңда әлеуметтік желі біз үшін үйреншікті тіпті кей-кезде өміріміздің маңызына айналды.
Алайда, бұл бақыттың кері әсері де бар. Көп жағдайда бізді әлеуметтік желілер бақытсыз етеді. Неге? Біз адамдардың мінсіз өмірін көреміз, яғни олардың әдемі суреттерінің артында не тұрғанын білмейміз. Сол себепті біз өзіміздің өмірімізді өзгелермен салыстыра бастаймыз, біздің өміріміз оларға қарағанда қызықсыз не бақытсыз болып көірнеді. Адамның бойындағы ең жаман қасиет ол өзін өзгелермен салыстыру, салыстыру арқылы адамда ішкі өкініш сезімі және наразылық сезімі туады.
Екіншіден, біз лайктар мен пікірлерге тәуелді болып қаламыз. Пост салып, “Қанша лайк жинайды екен?” , “Неге пікірлер аз?”- деген уайыммен, өзімізді бағалауымызды басқа біреуге тәуелді болып жүреміз. Егер аз лайк жиналса, көңіл-күйіміз түсіп, өзіміді керексіз сезінеміз. Зерттеулер бойынша, әлеуметтік желіде ұзақ уақыт өткізу адамның психологиялық күйіне әсер етеді де адамды депрессияға түсіре бастайды. Ал, бұл бақыт па? Әрине жоқ.
Егер әлеуметтік желі бізді бақытты етпейтін болса, онда неге біз олардан ажыра алмаймыз? Жауап қарапайым: ол біздің ішкі бостығымызды, жалғыздығымызды және бос уақытымызды толтырады. Біз шынайы өмірде жетіспейтін нәрселерді желілерден іздейміз.
Ал енді, еске түсіріңізші қашан достарыңызбен отырып, бір-біріңізбен ашық сөйлестіңіз? Соңғы рет қашан далаға шығып, табиғаттың үнін естіп, таза ауамен демалдыңыз?Соңғы рет қашан кітап оқып, рухани байлығыңызды көбейттіңіз?
Мүмкін біз бақытты болғымыз келсе, экраннан басымызды көтеру керек шығар? Мүмкін, нағыз бақыт қасымызда бірақ, біз оны көрмей жүрген шығармыз?
Бір нәрсені мойындайық: әлеуметтік желі-біздің өміріміздің бір бөлшегі,одан бас мүлдем бас тарту мүмкін емес. Бірақ оларға тәуелді болу не болмау өзіміздің қолымызда.
Әлеуметтік желілер бізді бақытты ете ме? Жоқ, олар бізді тек уақытша қуантады. Ал нағыз бақыт бұл осы шақта,осы өмірде. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Автор: Тлеген Гүлнәзік Нұржанқызы 10 сынып оқушысы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇