Шығармалар ✍️
Ғаламтор қазіргі уақыттын жауы ма, көмекшісі ма?
Ғаламтор-қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған ыңғайлы көмекші. Көбінесе адамдар ғаламторды көмек ретінде әрі қызығушылық ретінде пайдаланады. Ғаламтор арқасында адамдар күнделікті істерін атқара алады, мысалы, білім алу, ақпарат жинау ойын-сауық, достармен байланысу. Бірақ қоғамның бір бөлігі ғаламтордың тек зиян әкелетініне сенеді, оны қазіргі уақыттың жауы деп санайды. Бұл пікір рас па?
Ғаламтор-шексіз мүмкіндік бере алатын ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ғаламтор бере алатын мүмкіндіктерөте көп. Ең алдымен, ол-білімнің ұлкен көзі. Окушыларға және студенттер сабақ материялдарын интернеттен іздеп, жаңа білім алады. Әлемнің кез келген нүктесінде жаналықтарды білуге болады. Ғаламтор арқылы адамдар өз білімдерін нығайтып жаңа істер бастай алады. Интернет тіпті кішкентай мәселелерде көмектесе алады, мазалап жүрген сауалардарының жауабын табады. Ғаламтордың тағы бір маңызды артықшылығы-байланыс. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс үстай аласын. Бұл әсіресе 2019-2020 жылдары COVID-19 пандемия кезінде өте маңызды болды. Пондемия кезінде 2020 жылдың басында ғаламторды 4,5 миллиардтан астам адам пайдаланды, ал әлеуметтік желелердің аудиториясы 3,8 миллиардтан асты. Пандемия кезінде адамдар өз өмірін қауіпке тондырмай онлайн, үйдін ішінде жұмыс істеп отырды. Қазіргі уақытта ғаламтор қоғам ортасына шексіз мүмкіндік береді, өзін-өзі табалмай жатқан жас өспірімдер ғаламтор аясына байланысады. Ғаламторда олар қолдау мен кенестер тапқысы келеді, кейбір өспірімдер ғаламтор аясында өз қалаған мамандығын тауып та алады. 2005 жылы YouTube пайда болды, сол уақыттан бері көптеген шығармашылық тұлғалар блогинг аясында жұмыс істейді.Жасөспірімдерге осы жұмыс ұнап шағын табысын әкеледі.
Дегенмен, ғаламтордың зиянды жақтары да аз емес. Қоғамдағы көптеген адамдар әсіресе жастар әлеуметтік желілерде тым көп уақыт өткізеді. Бұл уақыттты тиімді пайдаланбайды білімдерді арттырмай, сабаққа деген қызығушылықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта GPT сайты өте өзекті. Жасөспірімдер осы сайты қолданып, мәселенің маңыздылығын толықтай түсінбейді. GPT қолтанбасы жас өмпірім үшін пайдалы болып көрінуі мүмкін. Бірақ мәселені басқа жақтан қарасақ GPT қолтанбасы жас өспірімдер үшін қауіпті болуы әбден мүмкін. ChatGPT-Ол OpenAI компаниясының заманауи нейрондық желі моделдерінің тобы. Ол адамға көмекші ретінде құрылды, оның міндеті аудару, қорытындылау, сұрақтарға жауап беру. Негізгі мәселе, ChatGPT сайты адамға көмектесу үшін құрылған, бірақ көмектін артында дайын, автоматтын жауаптар жасырылады. Дайын жауаптардын көмегі аз ал зияны көп. Адамнын логикасы мен білім денгейі дамымайды, жалқаулық пайда болады, білімге деген жауап кершілігі кемиді.
Ғаламтор-1960-жылдардың соңында, Лоуренс Робертс атты ғалым ғаламторды ойлап тапты. Ғаламтордың бастапқы атауы ARPANET болды. Ал 1969 жылы екі университеттің компьютерлері алғаш рет бір-біріне қосылды бұл ғаламтордың бастамасы деп есептеледіАл біз білетін қазіргі интернет: 1989-1991 жылдары, Тим Бернерс-Ли ойлап тапты.
ChatGPT-2022 жылы 30 қарашасында пайда болды. ChatCPT аудиториясы тез өсіп келеді. Екі жарым жыл ішінде тілдік модельді пайдаланушылар саны 800 миллионға жетті. 2025 жылдын ақпан айында ChatGPT қызыметін 400 млн020 жылдың басында интернетті 4,5 миллиардтан астам адам пайдаланады, ал әлеуметтік желілердің аудиториясы 3,8 миллиардтан асты. пайдаланды, ал 2024 жылдың желтоқсанына қарай ол 300 милионға жетті. Қоғам бір бөлігі, ғаламтор адам өміріне қауіп төндіреді деген ойда.
Ғаламтор-шексіз мүмкіндігі бар болатын құрылғы. Ол өздігінен жаман немесе жақсы нәрсе емес, тек құрал, адамға берілетін мүмкіндік. Онын пайдасы да, зияны да адамнын оны қалай қолдануына байланысты. Егер адам ғаламторды білім алу, ақпарат жинау, өзін дамыту және байланыс орнату үшін пайдаланса, ол нағыз көмекшіге айналады. Ал егер уақытын тек бос нәрселерге жұмсап, шектен тыс қолданса, ғаламтор оның жауы болуы мүмкін. Ғаламтор қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Оны өмірімізден алып тастау мүмкін емес, әрі қажет те емес. Ең бастысы ғаламторды дұрыс, саналы түрде пайдалану. Уақытты тиімді жоспарлап, пайдалы ақпаратқа көңіл бөлсек, ғаламтор біздің өмірімізді жеңілдетіп, мүмкіндігімізді кеңейтеді. Сондықтан ғаламторды жауапкершілікпен қолданып, уақытымызды дұрыс жоспарлайық. Оны білім алу, өзін дамыту және пайдалы мақсаттар үшін қолдансақ, ғаламтор бізге көмектеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇