13.02.2026
  19


Цифрлық дәуірдің ерекшелігі

 Бүгінде дамыған заманда ақпарат пен технологияның маңызды едәуір зор. Қазіргі таңда әлеуметтік желі, жасанды интеллект, интернет секілді цифрлы құралдар кеңінен қолданылатын уақытта адамзат үшін тілдің де,соның ішінде қазақ тілінің де транформациялануы маңызды. Интернет желісі, цифрлық құралдар мен заманауи құрылғылар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақ тілінің трансформациясы - тілдің дамуы мен кеңінен қолдануы. Бұл тұста тілдің онлайн ортаға бейімділігі мен заманауи стильге сай икемделуі көрсетіледі. Цифрлық дәуірдің пайдасы қазақ тілінде еркін әлеуметтік желіде, месенджерлерде, блог платформаларда еркін жазу мен пікір білдіру және ақпарат тарата алу қажеттілігі бола бастады. Артқа 20 жыл көз тартсақ сол уақыттар да әдеби тіл мен шектелген орта енді бейресми, ауызекі стиьлге де кең жол аша білді. Заманауи көзқарастардың арқасында алпауыт бағдарламаларда бой көтеріп қана қоймай қолданысқа енді. Мемлекеттік сайттар, білім беру ресурсттары, онлайн курстар мен мобильді қолжетімді бола бастады.


Цифрлық дәуір – ақпараттық технологиялардың қоғамның барлық саласына енуі.
Қазір білім беру, медицина, сауда, мәдениет, тіпті қарым-қатынас та онлайн форматқа көшті.
Мұндай жағдайда тілдің де жаңа функциясы қалыптасуда – цифрлық коммуникация тілі.


Бұл дәуірдің басты белгілері:


Ақпарат алмасудың жылдамдығы;

Тілдің ықшамдалуы (қысқартулар, эмодзилер);

Көптілді орта (қазақ-орыс-ағылшын араласуы);

Визуалды (бейне, сурет, символ) мазмұнның басымдығы.

Осының бәрі тілдің грамматикасына, сөздік қорына және стильдік ерекшелігіне әсер етті.


XXI ғасыр — ақпарат пен технология ғасыры. Қазіргі таңда адам өмірінің көп бөлігі интернет кеңістігінде өтеді. Бұл жағдай тілдің де жаңа ортаға бейімделуін талап етуде. Қазақ тілі соңғы жылдары интернет пен цифрлық медиада өз орнын қалыптастырып, біртіндеп кеңейіп келеді.


Қазақ тілі бүгінде ғаламтор желісінде белсенді қолданыла бастады.
2010 жылдармен салыстырғанда қазақтілді контент көлемі бірнеше есе артты.
Қазіргі жастардың негізгі ақпарат алу көзі — әлеуметтік желілер.
TikTok пен Instagram-да қазақ тілінде сөйлейтін, әзіл, білім, мотивация бағытында контент ұсынатын авторлар көбейіп келеді.
Олардың ішінде:


TikTok-та тіл үйрететін бейнежазбалар;

YouTube-та ғылыми, мәдени және оқу арналар;

Instagram мен Telegram-да қазақша жаңалықтар, әзіл беттері бар.Тілдің трансформациясы – оның жаңа ортаға бейімделу, жаңа мағына, жаңа форма алу процесі. Бұл – қоғамдағы технологиялық, мәдени және әлеуметтік өзгерістердің табиғи нәтижесі. Цифрлық дәуірде тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге адамның виртуалды кеңістіктегі тұлғалық бейнесін қалыптастыратын құралға айналды.Технологиялық сөздер мен ағылшын тілінен енген терминдер қазақ тілінде кеңінен қолданыла бастады: пост, блог, сторис, стрим, лайк, репост, контент, смайл, фолловер.
Бұл сөздердің біразына балама табу және қазақы нұсқасын қалыптастыру үрдісі жүріп жатыр: жазба, тікелей эфир, мазмұн, ұнату, пікір қалдыру, жазылушы.

Интернет пен әлеуметтік желілердегі коммуникация бейресми сипатта: «Тема күшті!», «Постың керемет!», «Респект!»
Бұл сөйлемдер жастардың эмоциясын, көңіл күйін дәл беріп, тілге көркемдік серпін береді.
Алайда мұндай сөздер ұзақ мерзімде әдеби тіл мен ресми стильдің шекарасын бұлдыратуы мүмкін.


Қазақ тілінің стилдік трансформациясы тек тіл құрылымында емес, ойлау мен мәдениет деңгейінде де көрініс табуда. Мысалы, бұрын жазбаша хаттардағы сыпайылық нормалары бүгінде қысқарған, бейресми формаға айналды:
«Қайырлы күн!» → «Сәлем!», «Қалың қалай?» → «Қсн?» 


Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, жастардың басым бөлігі қазақ тілін цифрлық ортада белсенді қолданады, бірақ бейресми стиль мен код-араласу жиі кездеседі. Бұл тілдің цифрлық бейімделуінің табиғи процесін дәлелдейді.


Әлеуметтік желідегі мәтіндік талдау


Зерттеу үшін Instagram, Telegram және TikTok-тағы қазақ тіліндегі 100 жазба талданды.


Бақыланған құбылыстар:


54%-ында ағылшын немесе орыс сөздері араласқан:
«Бүгін meeting тамаша өтті», «content күшті!»

28%-ында қысқарған сөздер мен смайликтер жиі қолданылған:
«Қалайсың? Жақсы », «Рхмт! Керемет жоба!»

18%-ында таза әдеби тіл нормалары сақталған.

Мысал талдау:


«Бүгін mood super! Барлықтарыңды conference-ке күтем!»→ Мұнда үш тіл қатар қолданылады (қазақ, ағылшын, орыс).
Бұл – цифрлық коммуникациядағы көптілділіктің (multilingualism) айқын көрінісі.


  Қазақ тілі цифрлық дәуірде жаңа мазмұн мен жаңа функцияға ие болды. Егер бұрын тіл тек тұрмыстық және мәдени қарым-қатынас құралы болса, бүгінде ол ақпараттық технологиялар жүйесінің белсенді элементіне айналып отыр. Тіл арқылы адамдар тек сөйлесіп қана қоймайды — іздейді, оқиды, жазады, бағдарламалайды және жасанды интеллектпен өзара әрекеттеседі. Бұл құбылыс қазақ тілінің жаңа кеңістікте дамуының басты белгісі болып табылады.


 


 





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу