Әңгімелер ✍️
Дамудағы кішкентай қадамның әсері
Күнделікті өмірде біздің ойымызға мың түрлі идея келеді.Cоның біраз бөлігі дамуға байланысты.Ал өзіңді өзгертемін деген кезде уақыт жетпей қалады.Бірақ уақыт қайда кетіп жатыр? тағы бір видео,тағы бір ойын деп жастық шақтағы уақытымызды құртып аламыз.Бір сәтте ой келеді «қалай дамимын?»
Ең алдымен кішкента қадамдардан бастау қажет.Кішкентай қадам ол күнделікті өмірде жасай алатын қарапайым,бірақ тұрақты әрекет.Мысалы:жылы су іш,жаңа сөз үйрен,жаттығу жаса т.б іс-әрекеттер”Біз алдымен әдеттерімізді қалыптастырамыз.Кейін әдеттеріміз бізді қалыптастырады.”деген Джон Драйден.Бұл қарапайым әрекетті жасай отыра әдетке айналдырып ,уақыт өте келе үлкен нәтижеге әкеледі.Әдетке айналған соң өмірімізге енеді.
Даму барысында не себепті дамығын келеді соны ойлау кажет.Ол емтихан,тіл үйренуге,жаңа өмір бастауға босын,ең алдымен не үшін дамығын келетінін ойла.
•Бұл іс маған керек па?
•Неүшін істеу кажет?
Кішкентай қадамдарды орындау қиын емес, сондықтан оларды әдетке айналдыру жеңілірек болып келеді. Әр кішкентай жетістік өзіңе деген сенімді арттырады .
Әр күніңді жоспарлау өте маңызды.Жоспарлау арқылы мен өз өмірімді өзгерте алдым.Бәрі басында жақсы болып бастайды,бірақ қызығын жоғалта бастайсын.Бір істі тұрақты ұзақ уақыт жасай берсен қызығушылығында жоғалады.Менен бір кеңес:екі-үш күн жасамай қой.Төртінші күні сағына жасайтын боласын.Әдеттеріңді жасацтын жаңа лебі пайда болады.
Әдет өзгерсе, өмір де өзгереді. Бір күні артқа қарап, өзіңнің бұрынғыдан-мүлде басқа адамға айналғаныңды-байқайсың. Бірақ бұл өзгеріс бір күнде емес, күн сайын жасалған шағын таңдаулардың нәтижесі.Ең бастысы оны бастап кету және не үшін жасап жатқанынды түсін. Менің түсінгенім көпті білген адам емес,білгенін іске асырған адам ұтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇