Өлеңдер ✍️

  08.02.2026
  47


Автор: Саутбек Нұрай

Мұқағали - мәңгілік жыр алыбы

Қарасаздың қарапайым баласы,
Шексіз еді-ау жүрегінің даласы.
«Пай-пай, өмір» деп жырлаған ақынның,
Әр сөзінде-қазағымның санасы


 


Жазылғанда «Есіңе мені
алғайсың»,
Жан дүниемді өрт болып шарлайсың.
Өзіңді-өзің жырменен емдеп өтіп,
Тағдырдың талқысына алданбайсың.


 


Мұзбалағым, мұңдасым да, сырласым,
Жырларыңмен жаным мәңгі нұрлансын.
Отыз бірдің боранында шыңдалған,
Сенің рухың бізбен бірге маздасын!


 


Болашаққа жол сілтейтін шамшырақ,
Сен қалдырған асыл мұра-тау бұлақ.
Мұқағали оқығанда,уақыт та,
Тұратындай үнсіз ғана таңырқап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу