Шығармалар ✍️
Миды-қайта жүктеу
Автор: Убай Ұлту
І. Кіріспе:
1. Ұйқы – миды "қайта жүктеу".
ІІ. Миға әсері: Ақпаратты сұрыптау, жадыны бекіту, креативті ойлау.
2. Ұйқысыздықтың зияны
3. Эмоция: Көңіл-күйді тұрақтандыру.
ІІІ. Қорытынды:
4.Сапалы ұйқы – табыстың негізі
- Кіріспе:Ұйқы -қуат көзі
Ұйқы – жай ғана демалу емес, ол ағзаның өмірлік маңызы бар функцияларын
орындауға мүмкіндік беретін белсенді кезең. Қазіргі таңда оқушылардың білім алуы
үшін, телефон қарап немесе достарымен әңгіме құрамын деп ұйықтамауы адамның
ми санасын қорытпай жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Ұйқы миды қалай дамытады:
Ұйқы кезінде ми күнделікті алған ақпараттарды, сабақтарды, оқыған кітаптар
секілді деректерді сұрыптайды(қажетсіз ақпарат пен қажетті ақпаратты) ұзақ
мерзімді жадқа сақтайды .Ұйқы бір жағынан шығармашылықтың арттырады оған
дәлел ретінде Д. Менделеевті алсақ ол ұзақ уақыттар бойы химиялық элементтерді
сараптау мен өткен бірақ дұрыс сараптау алмаған, алайда ол шаршағандықтан
ұйықтап түсінде бардық элементтердің жүйесі түскені көрген.
Тағы бір мысал ретінде атақты композиторлар Бетховен мен Вагнер ұйқы кезіндегі
әуендері жазып қалдырған.
Аз ұйықтаудың қауіптері:
9-14жас аралығындағы жасөспірімдер кемінде 9-11сағат ұйықтауы қажет. Ұйқы
қанбаған жағдайда-мынадай қиындықтар туындау мүмкіндігі жоғары.
Зейіннің төмендеуі: Сабақ уақытында немесе қосымша уақытында оқушы дұрыс
тыңдай алмай тез шаршау.
Қателіктер болуы: Есепте немесе сабақта қателіктерге ұшырау.
Көңіл күйдің төмендеуі: Ашуланшақ болу, ата-анаңмен немесе достарың мен көп
ұрысу
Дұрыс ұйқыны қалыптастыру:
• Күнделікті бір уақытта ұйықтау, бір уақытта тұру
• Ұйықтар алдында телефон қарамау. Себебі телефон,планшет жарығы
ұйқыны бұзып жіберуі мүмкін
• Ұйықтайтын бөлмеңізді қараңғыда, тыныш жерде болуы.
Қорытынды: Ұйқыны үнемдеудің қажеті жоқ, тіпті келесі күні маңызды дүние ,
тесттер болса уақытылы ұйықтаған жөн себебі ол сенің миыңның Жақсы жұмыс
істеуіне мүмкіндік береді . Жақсы ұйқы – үздік бағаның жартысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇