Эсселер ✍️
Бір таңдау - бір өмір
Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда жоғарғы педагогикалық колледжі
Авторы: Жүнісбекова Нұрай
Бір таңдау - бір өмір
Бұл мақала - менің жастарға деген үндеуім.
Бүгінгі күні жалпы қоғамның негізгі мәселесі - есірткі. Ол бір адамның емес, тұтас ұрпақтың болашағына қауіп төндіріп отыр. Есірткі айқайлап келмейді, ол адам өміріне байқамай еніп, іштен ірітіп жояды. Көп жағдайда жасөспірім есірткіні қауіп емес , уақытша тыныштық деп қабылдайды. Бірақ сол ''тыныштықтың'' артында сынған тағдыр, жоғалған арман, кеш келген өкініш тұрады. Есірткі адамды бір сәтте емес, біртіндеп құртады: алдымен ойды әлсіретеді, кейін ерікті жояды, соңында болашақты өшіреді. Қоғам үнсіз қалған сайын, бұл мәселе тереңдей береді. Әрбір жоғалған жас - ертеңгі жасалған соққы. Сондықтан бұл жолдарды ескерту деп қабылда. Таңдау қазір бар. Кейін кеш болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇