Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.01.2026
36
Менің Қазақстаным
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Думанды бастады
Далама қарашы
Кең екен Жер деген
Жерге дән шықты ғой
Дән егіп, терлеген
Қазағым мықты ғой
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім
Гүлің болып егілемін
Жырың болып төгілемін, елім
Туған жерім менің - Қазақстаным
Сағымды далам бар
Сабырлы көлім бар
Қараңдар, жарандар
Осындай елім бар
Қарсы алған уақытты
Ежелгі досындай
Біздің ел бақытты
Біздің ел осындай
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім
Гүлің болып егілемін
Жырың болып төгілемін, елім
Туған жерім менің - Қазақстаным
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇