Өлеңдер ✍️

  15.12.2025
  155


Автор: Дінмұхаммед Ахан

Жұбым емес

Жұбым емес,жылынатын жылы үйсің.
Қателессем бипаз ғана жібисің
Қисықтықтың қанша жұптық қылсақта
Көрсетпедің бірақта сен бір исін.


Есіл,Ертіс секілді де қастарың,
Арқаның сар даласындай шаштарың.
Бидайындай сезінемін өзімді
Самалы мың сипағандай бастарын.


Табиғатқа қойған құдай қазық қып
Шекең дағы,олда шіркін жазықтық.
Ғанибетті сендегі ол берген ау!
Тура мына көздеріме азыққып.


Бір жұбыма шығарармын жыр мұң ба?
Жаза берем жаза берем сен тыңда
Өзгелермен жұптықта сен жүргенде
Мендей көкең қыртыңдатып жүр мында




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу