Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.12.2025
101
Өз бойыңа жарасымды паңдығың..
Өз бойыңа жарасымды паңдығың,
Сен бе екен деп,хабарыңды аңдыдым
Сырласа бір қалсақтағы бір мезет,
Толғандай ақ көңіл деген сандығым.
Жанарым да,сұлбаң тұр ғой күйіп шын.
Парасатың асқар-асқар биің шың
Әрі көркем,әрі сондай тереңсің
Сен көзімде аспаннан да биіксің!
Алматы аяр,асырады айласын
Ауырмай ақ қоймас сірә жай басың,
Мейлі алсын тауларын бұлт,жай басып
тек Алматы мұңайтпасын Жайнасын.
Таңда болсын енді атқан арайлаған,
Түнде болсын түнек боп бар айналаң,
Сен аман бол көңілдің патшайымы
Түнектеде пейілі қараймаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇