Әңгімелер ✍️
Менің арманым
Армансыз адам болмайтын шығар, менде сондай пенденің бірімін. Жатсам да, тұрсам да грантқа оқуға түсіп, ай сайын счётыма түсіп тұратын стипендиямды жұмсап жүрсем екен деп ойлап қоямын. Әрбір он бірінші сынып оқушысының мақсаты да осы шығар. Тоғыз ай бойғы еңбегім бағаланса екен,тестте мен дайындалған сұрақ келсе екен тыраштанамыз. Кейде ойлаймын: мүмкін менің арманым оқуға түсе алмай қаламын деген қорқынышты ойдан пайда болған шығар. Олай болу да мүмкін біз қыздар оқуға түсе алмай қалуды ар санаймыз. Бірақ өмір осынысымен қызықты: осындай басымызға түскен күндер бізді сынайды,үлкен өмірге дайындайды. Дәл осы ішкі ойыммен күресіп жатып,таңның қалай атқанын да білмей қалыппым. Ұйқым келіп тұрса да орнымнан тұрып, мектепке қарай жол тарттым.
Батырханова Назерке Ертайқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇