Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.11.2025
1310
АРМАН ҚАЛА АЛМАТЫ
Сөзі: Омархан Алтынбекұлы
Әні: Роза Сейтімқызы
Орындаған: Айткүл Орынбекова
Алматының шуақты өткен таң нұры,
Алатаумен егіз қала тағдыры.
Мұңды қуып тазартқандай көңілді,
Жиі-жиі сіркірейді жаңбыры.
Қайырмасы:
Көктебеде жайқалады гүл бағым,
Алатауда көк тіреген шыңдарым.
Құшағында Шәмші әнімен сусындап,
Мұқағали өлеңдерін тыңдадым.
Түні әсем жарқыраған шамдары,
Әсем қала арайлы ақ таңдары.
Білім іздеп келген талай жандардың,
Бір үмітін бір үмітке жалғады.
Жалын атқан жас-кәрінің жүздері,
Арман қала сұлу қала біздегі.
Аты мәлім мұзайдыны Медеуде,
Жатыр талай саңлақтардың іздері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇