Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.11.2025
290
Республикалық "Өлең — сөздің патшасы"- шығармашылық бірлестігінің ӘНҰРАНЫ
Сөзін жазғандар:
Камилия Досекбаева, Омархан Алтынбекұлы
Әнін жазған:
Марита Қабижанқызы
Біздер сүйген өлеңді қаламгерміз,
Ақын сірә болар ма мұңсыз, шерсіз.
Қызықпаймыз атаққа, дүниеге,
Ақын табар бақытты шапан зерсіз.
Қайырмасы:
Өлең — сөздің патшасы,
Шыға берсін жақсы аты.
Ақындарды дәріптеу,
Бірлестіктің мақсаты.
Ғашық жандар ақындар елге, жер мен,
Мұңдыларға өлеңін емге берген.
Шындық үшін тайсалмас шешен тілді,
Ақын жандар ылғи да сөзге мерген.
Қайырмасы:
Өлең — сөздің патшасы шын ғажап ат,
Әрбір ақын біледі сөз саралап.
Ірге тасы қаланса беріктікпен,
Арманына жеткерер жыр болашақ.
Қайырмасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇