Өлеңдер ✍️

  20.11.2025
  1195


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Жауапсыз сезім

 


Кетер-ау кірі көңілдің,
Сезіміңді сақталар.
Жазылмас заңы өмірдің,
Сүйгенің кейде жат болар.


Қайырмасы:
Тағатым таусып төзімнің,
Десе де оңай кешірем.
Жауапсыз қалған сезімнің,
Жалынын қалай өшірем.


Сезімім соқыр болса да,
Тақпаспын енді саған сын.
Жауапсыз жандар қаншама,
Солардың бірі боларсың.


Байлағым келмей бағыңды,
Атуда таңдар өзіңсіз.
Дүние лезде тарылды,
Өтуде күндер көңілсіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу