Өлеңдер ✍️
Мен сендермен біргемін!...
Жаным қалап, бөлінбеуін ірігенің.
Ағайынның ортасында жүргенім.
Бір — бірімен, ынтымағы жарасқан.
Бауырларым, мен сендермен біргемін.
Шабыт болмай, қалса да құр сүлдерім.
Сендерменен, қызық менің күндерім.
Бағалаған, менің әрбір сөзімді,
Ақындарым, мен сендермен біргемін!
Аз болса да, білмегеннен — білгенім.
Көңілді өтті, сендерменен түндерім.
Жастық шақтың, қызығына тоймаған,
Жан достарым, мен сендермен біргемін!
Бір Алладан, тілеп көздің көргенін.
Мойымадым, алға қарай өрледім!
Мына өмірде, қажымауды үйреткен.
Тағдырластар, мен сендермен біргемін!
Шешім таппай, талай жіпті күрмедім.
Қиындықтың не екенін білмедім.
Шабыт беріп, маған қанат бітірген.
Асыл жарым, мен сенімен біргемін!...
Біреулердің айдауымен жүрмедім.
Ғашық болып, үміт шоғын үрледім.
Тәтті өмірдің, сезіміне мас қылған,
Махаббатым, мен сенімен біргемін!...
Бүршік жарып, көктемеде гүлдерім.
Жәйбірақат бекер өмір сүрмедім.
Тіршілік те терең жайған тамырын.
Ей, адамдар мен сендермен біргемін!...
Автор. Даутов Омархан Алтынбекұлы.
Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇