Өлеңдер ✍️

  20.11.2025
  97


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Ұнап қалдың

 


Жауабын таппай көп сұрақтардың,
Көңілім толқып, сырымды ақтардым .
Биязы, сылқым мінезіңменен,
Сен маған, қалқам,шын ұнап қалдың.


Татқандай болып, махаббат нәрін,
Өткеннің мен де ұмыттым бәрін.
Жолыма нұрлы шуағын төккен,
Ендігі күнім, өзіңсің, жаным.


Қарадым саған, аялап тағы,
Атқандай жаңа махаббат таңы,
Көңілге көктем, күй болып енді,
Екеуміз жүрген саябақтағы.


Сезімім шалқып, көңілім толып,
Күлімдеп тұрдың, жүрегің соғып.
Қуаныш жасы болар~ау, бәлкім,
Аспаннан жауған ақ жауын болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу